Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Аспандағы мейрамхана

Аспандағы мейрамхана

Аспандағы мейрамхана

Дәмі тіл үйірер, көрінісі көз тартар ерекше тағамдарды көргенде, сілекейіңіз шұбырып, армансыз жеп алғыңыз келіп тұратыны рас. Әсіресе, мұндай тағамдарды аспан әлемінде отырып аузыңызға салатын болсаңыз, ғажап емес пе? Рас айтамыз, түскі немесе кешкі асыңызды аспанда отырып жеуге қалай қарайсыз?

Алайда, мұндай таңғажайып сәтті бастан өткеру үшін Еуропаға сапар шегуіңізге тура келеді. «Dinner In The Sky» атты мейрамхана алғаш рет Бельгия жерінде ойлап табылған болатын. Бүгінде мұндай дәмханалар Еуропаның көптеген қалаларында «ілініп» үлгерді.

Арнайы жасалған крандардың көмегімен мейрамхана 50 метр биіктікке көтеріледі. Қонақтардың қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген. Ол үшін спорттық автомобильдің орындықтарына ұқсас крселоға отырасыз, содан кейін мейрамхана қызметкерлері сізге төрт қауіпсіздік белбеуін тағады.

Асылған үстелде бір мезгілде 22 адам тамақтана алады. Келушілерге үстелдің ортасына орналасып алған қолдарынан бал тамған үздік 6 аспаз қызмет көрсетеді. Ал егер сүйіктіңізбен романтикалық кешкі ас ішкіңіз келсе, тіптен жақсы. Әдемі безендірілген дастархан жайылып, гүл шоқтары қойылады да, жанды дауыста ән салатын музыканттар екінші кранның көмегімен биікке көтеріледі.

Елестетіп көріңізші! Әуезді ән тербеліп тұр... Ай-жұлдызы жымыңдаған аспан астында сүйіктіңізбен тамақтанып сіз отырсыз... Ғажап емес пе?

Әрине, қала көшелеріндегі салтанатты мейрамханаларда тамақтанған да жақсы, бірақ көкте отырып дәм татып көргенге не жетсін!

Суреттер:drugiestrany.ru,technabob.com,binjoomen.com,slashfood.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3354 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 25 қазан 2012, 13:32
Пікірлер
+0
25 қазан 2012, 13:30

Ғажап, ә. бірақ осы жер деген анадан кейде алыстап кетіп бара жатамыз. сондайда бір ойлап қойған жөн-ау адамдарға.

+0
25 қазан 2012, 13:35

Тамаша екен

+0
25 қазан 2012, 13:54

Биіктіктен болатын жүрек айну ше? Абайлап қою керек. Әйтпесе тамаққа тәбет жүрмей қояды. Оның үстіне қымбат та шығар... :geek:

+0
25 қазан 2012, 14:04

Бұндай жерде қалайша тамақ батады?

+0
25 қазан 2012, 14:09

Керемет! Романтика!

+0
25 қазан 2012, 14:34

Романтика, күшті ғоооооо

+0
25 қазан 2012, 18:24

Мұнда өз басым тамақтана алмас едім. Қаланы тамашалау үшін баруға болады, бірақ жайбарақат отырып қалай тамақтанасың. Біздің Қазақстанда, нақтырақ айтқанда Астана мен Алматының төбесінде ұшып жүріп қаланы тамашалайтын осы секілді құрылғы ойлап табу керек секілді...

+0
25 қазан 2012, 21:43

Уаааааай, нағыз экстрим ғой, бірақ биіктен қорқатын фоб едім, ішкенім і., жегенім ж. болады ғой,,,

+0
18 қаңтар 2013, 17:07

Керемет!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...