Робот самурайдан озды

Робот самурайдан озды
Фото: art-on.ru

Жапондық Yaskawa Electric Corporation компаниясы өздерінің 100 жылдық мерейтойларын өзгеше өткізуді қалады. Олар роботқа самурайлар өнерін үйретті. Робот кәдімгі самурайларша тізілген бірнеше бамбукқа көз ілеспес жылдамдықпен мыңдаған соққы жасап, оларды бөлшектеп тастады. Ол бамбуктарды бөлшектеуде самурайлық өнердің шебері саналған Исао Матимен (Isao Machii) жылдамдық бойынша жарысты. 

Мамандар шебер Матидың іс-әрекетін motion capture технологиясының көмегімен көшіріп алды. Мұның көмегімен робот қиын да күрделі тәсілдерді тез меңгере білді. 

Компания өкілдерінің айтуынша, робот берілген тапсырманы шеберден де тез орындаған. Айта кетелік, Исао Мати – самурайлық өнер сайысы бойынша әлемдік рекордсмен. Ол әйгілі Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет енген.

Ж. Жұмағұлов