Экзотикалық жемістер қалай өседі?

Экзотикалық жемістер қалай өседі?
Фото: www.zastavki.com

Жеміс-жидектің жетілетін кезі жақын. Иә, әңгіме жаз мезгілі туралы. Өз өлкемізде өсетін алма, өрік, шие секілді бізге танымал жемістердің қалай жетілетіні де белгілі. Ал қысы-жазы шетелден таситын экзотикалық жемістердің қалай және қайда өсетіні өте қызық. Олай болса, тамашалайық!

Бұл суретке қарап отырып, ананасты алое жапырағының үстіне қойып кетті деп ойлайсыз ба? 

Жоқ! Ананастар өзге жемістер секілді ағаштан емес, жапырақ жайып жерден өседі екен.

Мына суреттегі қауыз жарайын деп дайындалып тұрған гүл деп ойладыңыз ба?

Жоқ! Бұл банан жемісінің ағашы. Банан піскен кезде басындағы қызыл қауашағы түсіп қалады да қауашақ түбіндегі банандар жетіле бастайды екен. Бананды ағаштан көк күйінде жұлып, бізге сол қалпы қорапқа салып жөнелтеді. Жолда жетем дегенше сарғаяды. Қарая бастаған банан дәмдірек болатыны сөзімізге дәлел.

Бұл гүл емес, анар. Анардың ұшындағы кішкентай күлтелеріне қарап, сабағына сол жерінен бекиді деп ойласақ, қателеседі екенбіз.

Гүл тәрізді өсіп келіп, дәндері піскенге дейін осындай қалыпқа дейін жетіледі.

Ал бұл өрік те, қышқыл алма да емес. 

Бұл – грек жаңғағы. Ағашында алма тәрізді пішінде әрі сол түсте жетіледі, әбден піскенде осылай жарылады екен.

Бұл – айдаһарша аталатын экзотикалық жеміс. Сырт қарағанда жерге төгіліп тұрған гүл секілді.

Киви – жұптасып өспейтін жеміс. Ал құрма ше?

Біз кепкен құрма (финики) деп білетін бұл жеміс жұптасып өсу былай тұрсын, топтасып өседі.

Ал құрманың мына түрі жапырақтары сарғайып түсіп қалғаннан кейін піседі.

Жалғасы

@. @assel_assanova