Түркістандық жүргізушілердің мейірбандылығы сыналды (видео)

Түркістандық жүргізушілердің мейірбандылығы сыналды (видео)
Фото: youtube

Түркістан қаласының көлік жүргізушілерінің мейірбандылығы сыналды, − деп хабарлайды massaget.kz порталы.

Youtube видеохостингінің белсенді қолданушылары Түркістан халқының көлік жүргізушілері қаншалықты мейірбан және көмекке әзір екендігін көрсететін әлеуметтік эксперимент жасады. Денсаулығы күрт нашарлаған жігіттің досы өткінші жүргізушілерден оны ауруханаға тегін апарып тастауын сұрайды.

NNNlive ТV арнасы түсірген әлеуметтік экспериментте кейбір жүргізушілер тіпті жедел жәрдем шақырып, науқастың денсаулығына алаңдаушылығын білдірген.

С. Ерсін