Екі өмір бір тағдыр (видео)

Екі өмір бір тағдыр (видео)
Фото: www.fastcocreate.com

Тағдыр тауқыметін бірге көріп келе жатқан Майк пен оның иті Шанстың оқиғасы кімді де болса, елеусіз қалдырмайды. Майк итін жануарларға арналған клиникада жолықтырған. Шансты белгісіз біреулер көлікпен кездейсоқ қағып, жолдың шетіне тастап кетеді. Содан жануар қорғаушылары итке екінші өмір сыйлап, оған "Chance", яғни "мүмкіндік" деген атау берген. Көліктің астына түскеннен кейін оның екі артқы аяғы жансызданып, жүруге әбден қауқарсыз болып қалған. Ал мұны көрген Майк Шансты дереу үйіне алып кетіп, асырап алады.

Екі өмір бір тағдыр. Майк та иті секілді жүріп-тұрудан айырылған. Ол: "Мен Шансқа қараған кезімде, оның не сезінетінін жақсы білемін", − дейді берген сұхбатында. 

С. Ерсін