Акварельден туған тірі суреттер

Акварельден туған тірі суреттер
Фото: www.tumbex.com, www.pmb.ox.ac.uk

Сурет өнерінің ішіндегі ең қиыны – акварельмен сурет салу. Ол жұмыс барысында суретшіге көптеген қолайсыздық тудырады, кеуіп, сақталуының өзі де қиын мәселе. Ой мен қиял бір қалыпта үндесуін талап ететін үлкен жауапкершілік. Акварельмен сурет салу өте ұқыптылық пен тазалықты талап ететіндіктен, оны қайталап өңдеуге не өшіруге келмейді. Сәл жерден жіберілген қателік бір туындыны жарамсыз қылуы мүмкін. 

Жақында Түркияның Борнова қаласында акварельден салынған суреттен халықаралық сайыс өтіп, жылдың үздік туындылары таңдалды. Биылғы халықаралық сайыс «Акварель өнеріндегі махаббат пен бейбітшілік» деген тақырыпта өтті. Сайысқа қатысқан туындылар көз алдыңа тірі бейнені елестете алады. Тіпті суретшілердің техникасы мен шеберлігін айтуға сөз жетпейді. Туындыларды көріп, жеңімпаздарды таңдау үшін әділ қазыларға қаншалықты қиын болғанын бағамдай берсеңіз болады. Назарларыңызға сол сайысқа қатысқан туындыларды ұсынуды жөн санап отырмыз.

             1-орын, Бункванг Нончарон, Бангкок қаласы

2-орын, Дэвид Тейлор, Аустралия 

3-орын, Хорхе Энрике Фернандес Вильяба (Тарменьо), « Пікір жоқ» сериясынан, Перу

Патриция Гузман, «Босқындар», Мексика 

Хорхе Энрике Фернандес Вильяба (Тарменьо), «Отавало» сериясы, Перу

Томас Шаллер, «Рокамадура мұнарасы», АҚШ

Бат Оршихын, «Бөрте», Моңғолия

Екатерина Зюзина, Беларусь

Прафул Савант, «Назике таңы», Үндістан

 Нирупам Конвар, Үндістан

Эндре Пеновач, Сербия

Сергей Лысый, «Венеция», Литва

Томас Шаллер, АҚШ

Лорена Санчез, Мексика

Габриэле Кениг, «Грек», Германия

Лори Гольдштейн-Уоррен, АҚШ 

Роггер Онкой, Перу қаласы

Шелдон Сэйнт, Багам аралдары

Прафул Савант, «Джодха гаттағы қасиетті таң», Үндістан 

Удай Бхан Сингх, Үндістан

Н. Үсенова