АҚШ-та сел салдарынан жолдар жабылып қалды

АҚШ-та сел салдарынан жолдар жабылып қалды
Фото: trust.ua

Калифорнияда жауған толассыз жауыннан сел жүріп, жолдар жабылып қалды.

Дәл осындай жағдай Лос-Анджелестің солтүстігінде де болды. Мұнда мыңдаған көлік лай үстімен жүре алмай, көше бойында тізіліп тұр. Ал екінші дәрежелі жолдарда жүру мүлдем мүмкін емес.

Тіпті, кейбір үйлер лай ортасында қалып, тұрғындары сыртқа шыға алмауда. Қазір аймаққа құтқару қызметкерлері барып, батпаққа батып қалғандарды алып шығып жатыр.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы