Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әлемнің ең таңдаулы мешіттері

Әлемнің ең таңдаулы мешіттері

Әлемнің ең таңдаулы мешіттері

Барша мұсылман қауымы бүгінде мың айдан да қадірлі, айлардың сұлтаны саналатын– Рамазан айын мерекелеп жатқаны мәлім. Осы орайда бүгін сіздерге ислам мәдениеті мен сәулетінің ең озық үлгілері саналатын және өзінің шығысқа тән жұмбақтылығымен, әсемдігімен көрген жаннын көзін тартар әлемдік мешіттер туралы әңгімелейтін боламыз.

Жалпы мешіттер тарихы 622 жылдан бастау алады. Ең алғашқы мешіт те дәл осы жылы Мәдина қаласында тұрғызылған. Осы бір сәттен бастап әлемнің түкпір-түкпірінде "Аллаһтың жердегі үйі" саналатын он мыңдаған мешіттер бой көтеріп келеді.

Әл-Харам мешіті

Сауд Арабиясындағы Меккеде орналасқан бұл мешіт 1570 жылдан бері белгілі. Ол уақыттардан бері бірнеше жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде мешіт бүгінде әлемнің ең көрікті, ең үлкен ғимараттарының қатарынан орын алып келеді.


Мешітте соңғы рет құрылыс жұмыстары 1980 жылдардың соңында, оңтүстік-батыс жағынан үлкен екі мұнарасы бар тұрық салған уақытта жүргізілді. Қазіргі таңда мешітке кіретін басты есік дәл осы тұрықта орналасқан. Ол – Фахд королдің қақпасы. Мешіт құрылысы 309 мың км² жер алып жатыр. Ғимараттың 95 метр биіктікке жететін 9 мұнарасы және төрт қақпасынан бөлек мешітке кіретін 44 есігі бар. Мешітке бір уақытта 700 000 мың адам сыйып кетеді.

Әл-Набави мешіті

Көлемі жөнінен Мәдина қаласындағы мешіттен кейінгі үлкен мешіт 622 жылы тұрғызылған. 400-500 шақырымды алып жатқан мешітке бір мезгілде 600 мың адам сыйып кетеді. Қажылық кезінде бұл көрсеткіш 1 миллион адамға жететін көрінеді.

Кешенде 105 метрлік 10 шақты мұнара бар. Мешітте бүгінге дейін, яғни 400 жылдан астам уақыт бойы бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Омейядтар мешіті

Дамаскідегі Омейядтар мешіті  әлемдегі ең әдемі мешіттердің бірі саналады. Ол Омейядтар әулетінің алтыншы билеушісі әл-Валиданың бұйрығымен түрғызылған. Құрылыс жұмыстары 709-715 жылдар аралығында жүргізілген екен. Мешіттің біршама бөлігі алтынмен жалатылған және түрлі-түсті мәрмармен қапталған.

Шейх Зайед мешіті

Шейх Зайед мешіті – әлемдегі үшінші үлкен мешіт. Мешіттің атауы - Біріккен Араб Әмірлігінің негізін қалаушы шейх Зайед ибн Сұлтанның құрметіне берілген. Салтанатты ғимарат өзінің үлкендігмен және әсемдігімен ысылмаған көрерменнің өзін таңқалдыра алады. Өйткені мешіттің дизайнерлік және материал таңдау жұмыстарымен өз ісінің ең үздік шеберлері айналысқан болатын. Олар Италиядан, Германиядан, Мароккодан, Үндістаннан, Түркиядан, Ираннан, Қытайдан, Грекидан шақырылды.

Мешіттің құлшылық жасалатын залына әлемдегі ең үлкен кілем төселген. Қолөнердің бұл озық үлгісі 5627 шары метрлік көлемге арналып жасалған және салмағы 45 тоннаны құрайды. Құны 6 миллион долларды құрайтын кілемді екі бірдей ұшақпен әкелген. Кілемді тоқуға екі жылдай уаықт кеткен. Мұнда бір мезгілде 40 000 адам құлшылық жасай алады.

Суреттер: mandalay.ru,prirodadi.ru,svali.ru,hotelartefes.com,ummahweb.net,newsinphoto.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3898 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 26 шілде 2012, 16:14
Пікірлер
+0
26 шілде 2012, 17:09

Әл-Харамға қажылық істеу әр мұсылманға нәсіп етсін!

+0
27 шілде 2012, 12:05

Әумин

+0
26 шілде 2012, 17:22

Астанадағы жаңа мешітті көрсендер ғой, сөзбен айтып жеткізе алмаймын Сіздерге... тамаша жасалған!!!

+0
27 шілде 2012, 12:06

Мақала жазғанда грамматикалық қателерге көбірек көңіл бөлінсе

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...