Дальтоник жігіт түрлі-түсті әлемді алғаш рет көрді

Дальтоник жігіт түрлі-түсті әлемді алғаш рет көрді
Фото: optik-pro

Дальтонизм деп белгілі бір түсті ажырата алмайтын, адамның көру қабілетінің бұзылуын айтамыз. Аурудың атауы Джон Дальтон есімімен аталған. Ол ең бірінші болып 1794 жылы осы кемшілік жайлы сан рет зерттеу жұмыстарын жүргізген. Дальтонизмнің тұқым қуалайтын және жүре келе пайда болатын түрлері бар. Ғалымдар жақында дальтонизм ауруымен ауыратын адамдар үшін арнайы көзілдірік ойлап тапты. Бұл қазіргі кездегі офтальмология саласындағы ең үлкен жетістік болып табылады.

Видеодан сіз дальтонизм ауруына шалдыққан адамның алғаш рет әлемді түрлі-түсті етіп көрген сәтін тамашалайсыз. Берер әсері мол...

Ұқсас жазбалар:

Әлемдегі ең қиын жұмыс

Джеки Чанның үздік трюктері

Н. Нұрмаханұлы