Ажырамас достарға айналған аю мен ит ғаламторда танымал болды (Видео)

Ажырамас достарға айналған аю мен ит ғаламторда танымал болды (Видео)

Қыстың қақаған аязында бірін-бірі қуалап, ойнап жүрген қоңыр аю мен неміс овчаркасы Youtube-те танымал бола бастады, – baq.kz.

Циркте өнер көрсететін Тима есімді аю мен оның жан жолдасы - неміс овчаркасының цирк әртістерімен бірге саяхатқа шығып жүргендеріне көп жыл болған.

Тима есімді аю циркке 1995 жылы әкелінген екен

Бұл ролик Испаниядағы Маройка аралында кезекті гастрольдердің бірінде түсірілді.

«Оның мінезі ерекше: ойнағанды ұнатады және ешқашан ашу шақырып, күш көрсетпейді. Қызғаныш дегенді білмейді, менің итіммен жақын дос. Біз оны қатты жақсы көреміз және мақтан тұтамыз! Ол біздің отбасымыздың бір мүшесі», – дейді Тиманың иесі.

сурет: youtube.com

Е. Қайрахан