Каирде елдегі ең биік пирамида салынбақ

Каирде елдегі ең биік пирамида салынбақ

Каирде елдегі ең биік пирамида салынбақ. Бір қызығы, бұл 200 метрлік пирамидада тұрғын үй кешені орналасады, деп жазады 24.kz.

Бұл жоба Египет астанасындағы Шейх Заед Сити ауданының аумағын кеңейту мақсатында қолға алынған. Жалпы Zayed Crystal Spark кешені ұзынды-қысқалы екі пирамидадан тұрады. Ол 190 гектар жерде бой көтереді. Бұл мұнара құрылысының айналасы жасыл желекпен абаттандырылып, бассейндер салынады.

Салыстырар болсақ, осыған дейін Египетте ең ұзын ғимарат саналып келген Қорғаныс министрлігінің биіктігі – 143 м. 

Жобаның құны мен оны іске асыратын сәулетшінің аты әзірге құпия. Бір белгілісі, ғимарат тек тұрғын үй ретінде емес, түрлі әкімгерлік, коммерциялық мақсатта пайдаланылады.

Сурет: fastcompany.net

Е. Қайрахан