Күннің шуақты болуын 150 мың АҚШ долларына сатып алғыңыз келе ме?

Күннің шуақты болуын 150 мың АҚШ долларына сатып алғыңыз келе ме?

Әлемнің кез келген аймағына саяхаттауға жағдай жасайтын туристік компаниялар да жаңаша көзқараспен қызмет түрлерін ашуда. Мысалы Oliver’s Travels туроператоры ауқатты ерлі-зайыптыларға арнайы қызмет түрін ұсынады.

Британдық компания үйлену тойын күн шуақты ауа-райымен қамтамасыз етуді ұйғарыпты. Жаңа өмір бастағалы тұрған жұп небәрі 150 мың АҚШ долларын төлеу арқылы Францияның оңтүстігінде салтанатты кешін өткізе алады.

Ол үшін тапсырыс берушілер алдын ала күнді белгілейді. Сосын Oliver’s Travels компаниясы өз дайындығын бастап жібереді. Компания ұйымдастырушылары арнайы ұшақтармен таңдалған мекеннің үстінен соңғы үш апта бойы иодты күміс кристалдарын шашады екен. Бұл шуақты күнмен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.

Нақтырақ айтар болсақ, бұл әдіс әуедегі су буларын белсенді күйге енгізіп, жаңбыр бұлттарына айналдырады. Осылай аталған күнге дейін болуы мүмкін жаңбыр толығымен жауып өтеді. Оны кәсіби ұшқыштар метереологтардың бақылауымен өткізеді.

Мамандар атаулы күннің шуақты әрі жайлы болуына 100% кепілдік береді.

Сурет: www.android-winfeq.ru

Оқи отырыңыз:

Мына құймақты қолмен жасады десем, сенесіз бе? (Видео)

АҚШ-та аллигатор етін жемек болған азамат тұтқындалды

Хайуанаттар бағында пандалар жаппай төбелесті

Ескі суретті ұзақ сақтаудың жолы (Видео)

Ж. Өрісбай