Брюс Лидің "құпия" хаты туралы біле жүріңіздер

Брюс Лидің "құпия" хаты туралы біле жүріңіздер

Егер жолыңыз түсіп, Нью-Йорк қаласына барсаңыз, "Голливуд" әлеміне соғуды ұмытпаңыз. Ол жерде әйгілі әртіс, шығыс жекпе-жегінің хас шебері Брюс Лидің өзіне-өзі жазған хаты сақталған. "Құпия" деген атауға ие хат 1969 жылдың 10 қаңтарында жазылған деп көрсетілген. Оның мәтіні мынадай:

"1980 жылдарға қарай мен АҚШ-тағы 10 миллион жылдық табысы бар ең беделді азиялық киноәртіске айналамын. Әр кез камера алдында көрініп, өз әртістік дарынымнан да асқан өнер көрсетіп, өмірлік үйлесімде тірлік кешетін боламын".

Әрине, ол шын мәнінде танымалдылыққа ие бола білді. Өзінің режиссерлік етуімен үш кинокартина жасады.

1973 жылы "Айдаһардың шығуы" фильмінің түсірілімі аяқталмай жатып, 33 жасында дүние салды. Аталған фильм күллі әлемге танылып, Брюс Лиге үлкен абырой алып келді.

Сурет: oboibesplatno.ru

Ж. Исакаев