Фастфуд ми жұмысын баяулатады

Фастфуд ми жұмысын баяулатады

Фастфуд ми жұмысын бірнеше есе баяулатады. Мұны Огайо университетінің ғалымдары мәлімдеп отыр. Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, мектеп жасындағы балалар фастфудтың себебінен математика, жаратылыстану және әдебиет пәндерін нашар қабылдай бастаған.

Келли Пертелл есімді дәрігердің айтуынша, зерттеу алғашында фастудтың семіздікке әсері бар-жоғын зерттеу үшін жүргізілген. Кейіннен мамандар жоғарыда айтылған факторлардан бөлек, оқушылардың оқу үлгерімінің нашарлай түскенін байқаған.

Огайо университетінің оқымыстылары 8 500-ге жуық мектеп жасындағы оқушыға зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Он жастағы оқуышылардың фастфудты пайдалану мөлшері алдын ала есептеліп, 3 жылдан кейін олардың оқу үлгерімі тексерілген. Эксперимент кезінде оқушылардың күнделікті түрде фастфуд мейрамханаларына жиі баратыны анықталған.

Оқушылардың жаратылыстану пәндерінен тапсырған тест сынақтарының көрсеткіштері орташа есеппен алғанда 79 балл болған. Бұл сан фастудтың дәмін татып көрмеген өз қатарластарының нәтижесінен орташа есеппен 4 балға кем.  

Оқи отырыңыз:

Дұрыс тамақтана білесіз бе?

Жемістің қабығы неге пайдалы?

Құлаққаптың адам денсаулығына зияны

Англия азаматы әлемдегі барлық жануарлардың атын бір күнде ұмытып қалды

Сурет: www.healthydunia.com

Н. Нұрмаханұлы