Жасыл мысық

Жасыл мысық

Болгарияның Варна қаласының көшелерінде халықты дүрліктірген жасыл мысық пайда болды. Оның суреті жергілікті БАҚ-қа шыққанда, әр түрлі алып-қашпа әңгіме тарады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мысықты жасыл түске бұзақы балалар бояп қойған, ал тағы  біреулер бұл үй жануары синтетикалық бояулар сақталатын ғимаратта ұйықтаған, содан осындай түске боялып қалған дейді. 

Болгарияның астанасы София қаласынан 450 шақырым жерде орналасқан Варна қаласында жасыл мысықтың пайда болуы жергілікті тұрғындарды қатты таң қалдырды.

Сурет: t-l.ru, news.nur.kz

Ж. Исакаев