Әлемдегі ең әдемі жатақхана

Әлемдегі ең әдемі жатақхана

Данияның астанасы Копенгагеннің Орестаде ауданында студенттерге барлық жағдай жасалған жатақхана орналасқан. Жатақхананың іргесі 2006 жылы қаланған. 26800 шаршы метрді алып жатқан 7 қабатты жатақханада 360 бөлме бар. Әр бөлме 26-33 шаршы метрді құрайды. Және 30 ас үй бар. 12 бөлмеге 1 ас үйден келеді. Ас үйдің әрқайсысында 4 тоңазытқыш, 2 газплитадан орналасқан. Жатақхананың жаттығу залында спорттың барлық түрлерімен шұғылдануға мүмкіндік бар. Ал салтанат залында музыкалық аспаптардың сан алуан түрін кездестіруге болады.

Бұл студенттер қалашығы - Тиетген деп аталады.

Сурет: vlasenko.at.ua, moscow.net, vorotila.ru

Ж. Исакаев