Ұлыбритания жағалауларына "елес кеме" жақындап келеді

Ұлыбритания жағалауларына "елес кеме" жақындап келеді

Ұлыбритания жұртшылығы бортында тек каннибал-егеуқұйрықтар мекен ететін «елес кеменің» жағалауға жақындап келе жатқан хабарын естіп алаңдаулы күйде, деп хабарлайды The Telegraph.

Нақтырақ айтсақ, әңгіме 1976 жылы кеңес одағында құрастырылып, 1999 жылы америкалық компанияға сатылған «Любовь Орлова» круизді кемесі жөнінде болып отыр. Одан кейін кеме пайдалануға жарамыз деп табылып, оны металл қабылдау орнына жіберуге шешім қабылданады. Өткен жылдың қаңтар айында Канададан Доминикан республикасына басқа бір кеменің сүйреуімен ашық теңізге шыққан ол дауылға тап болып, нәтижесінде екі кемені жалғаған трос үзіліп, кеме ашық теңізде жалғыз қалады.     

Сол уақыттан бері «Любовь Орлова» кемесі Атлантикада құрамында бірде-бір экипажсыз өзі адасып жүр. Осыған дейін оның нақты қай маңда жүзіп жүргендігінен де ешкім хабарсыз болды.  

Жақында ғана британиялық мамандар ғарыштық дыбыс белгілері мен кейбір мәліметтерге сүйене отырып, қатты дауыл «елес кеме» аталып кеткен оны Ұлыбритания жағалауына алып келеді деген мәлімдеме жасады. Ал тұрғындардың алаңдап отырған басты мәселесі – кеменің бортында осы күнге дейін азықтың жоқтығынан тек бір-бірін жеп өмір сүріп келген жүздеген, бәлкім мыңдаған ауру таратқыш егеуқұйрықтардың арал тұрғындарына төндіріп отырған қауіпі болып отыр.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: korabley.net

Б. Қосмағамбет