Көше суретшілерінің кереметі (видео)

Көше суретшілерінің кереметі (видео)

Ғажайып суреттерді тек қымбат галериялардан табамын деп ойламаңыз. Тамаша туындыларды көшеден де кездестіріп қалуыңыз мүмкін. Еркін суретшілер келушілердің көз алдында-ақ тапсырысын орындап бере алады. Бір қызығы олар картинаны 6 минуттың ішінде салып шығады!

Өздерінің керемет мүмкіндіктерінің арқасында көпшілікті таңғалдыру үстінде. Суретші бар болғаны балонды бояуларды пайдаланады. Бұл – ешқандай да жалған сөз емес. Олар өзінің туа бітті талантының ешқандай да білімді қажет етпейтінін дәлелдей түскендей. Арнайы профессионалдық білім алмай-ақ мықтылығын көрсетуде. Әрине бұл көп жылғы ізденістің, еңбектің нәтижесі.

Сонымен, көше суретшісінің кереметіне назар аударалық:

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: mirfactov.com

Ш. Талап