Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Қазақстандықтар бақытты ма?

Қазақстандықтар бақытты ма?

Қазақстандықтар бақытты ма?

Массагеттік оқырмандардың назарына әлемдегі ең бақытты мемлекеттердің рейтингісін ұсынамыз. 

АҚШ-тағы Колумбия университеттің жанынан құрылған "Жер Институты" әлемдегі ең бақытты елдерді анықтауға тырысып, "Бақыт туралы баяндама" деген атпен зерттеу жүргізіпті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлап отыр. 

Істі мойнына алған Джон Хеллиуэлл, Ричард Лэйард және Джеффри Сакс өз сөздерінде, бақытты жалпы ішкі өнім көрсеткіштерімен ғана өлшеу дұрыс еместігін айтып өтті. "Халықтың денсаулығы, мемлекеттегі тұрақтылық секілді факторларды да есепке алу керек. Мысалы, АҚШ 1960 жылдардан кейін ерекше қарқынмен дамып, ішкі өнімдердің көрсеткіші біршама өссе де, халық өзін бақыттырақ сезіне қойған жоқ", - деген пікір айтты.

Сонымен не керек, 150 мемлекеттен құралған рейтингінің көшін солтүстік Еуропа елдері бастап отыр. Алғашқы орында Дания, кейінгі сатыларда Норвегия, Финляндия, Нидерланды және Швейцария орын теуіпті. Ғалымдар оларға 10 балдық жүйе бойынша, 7,6 коэффициентті лайық деп таныпты. АҚШ-тың өзі он бірінші, Ұлыбритания 18-орынға табан тіреген.

Қазақстан болса, 59-орында Ресей (76), Литва(60), Эстония(72), Беларусь(62) секілді мемлекеттердің алдын орып тұр екен. Зерттеу нәтижесі бойынша, біздің елдегі әрбір бесінші адамның (22%) қиналып өмір кешіп жүргендігі белгілі болса, жартысынан көбінің (57%) басында күрделі проблемалар бар екендігі анықталыпты. Ең "бақытсыз" мемлекеттердің қатарында субсахаралық мемлекеттер тұр. Атап айтсақ, Бенин, Орталық Африка Республикасы, Серра-Леоне секілді елдер. Олар 10 балдық шкаланың 3,4-ын ғана иеленген. 

Осы тұста біз сіздің пікіріңізді білгіміз келеді. Бақытты өлшеудің шкаласы қандай болуы керек? Жалпы халық өзін бақытты сезінуі үшін не керек? Зерттеу нәтижесімен келісесіз бе?

сурет: motto.net.ua

3653 20
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 05 сәуір 2012, 16:04
Пікірлер
+0
05 сәуір 2012, 17:15

Мен бақыттымын)

+0
05 сәуір 2012, 17:22

ҚАЗАҚ болып туылғаныма және ҚАЗАҚСТАНдай елде тұратыныма шыныменде БАҚЫТТЫМЫН!!!!! )) Аллаһқа шүкір.........)

+0
05 сәуір 2012, 17:59

Айтысады бақыт деп анық сүю, бақыт дейді қолдағыны бағалай білу, шыныменен, айта берсен бақыт көп қой, бәрінен ең бақытты тірі жүру!))))))))))

+0
05 сәуір 2012, 18:35

:? десем қалай? :P

+0
05 сәуір 2012, 18:39

темааааа ;)

+0
05 сәуір 2012, 18:48

Дана Қазақ, Ғұлама Қазақ деген ғажап ұлттың өкілі екендігіме өте-мөте бақыттымын! Ал БАҚЫТ деген - өз еліңде армансыз өмір сүріп, сүйікті ісіңмен айналысу шығар)

+0
05 сәуір 2012, 18:55

сонымен ең бақытсыз ел қай ел болды? :roll:

+0
05 сәуір 2012, 18:57

Дания деп жазыпты ғой

*****************************
"Алғашқы орында Дания......" *

+0
05 сәуір 2012, 19:00

Иә, иә, оны көрдім, енді рейтингтегі ең бейбақ елді сұрап отырмын :roll:

+0
05 сәуір 2012, 19:01

Серра-Леоне шығар.... :?

+0
05 сәуір 2012, 19:13

Серра-Леоне Африкалық ел дейді. :(

+0
07 сәуір 2012, 01:20

Енді қай жердікі деп ойлап едіңіз?!

+0
06 сәуір 2012, 01:02

Бақыттымын. Өте )

+0
06 сәуір 2012, 12:14

өзім Қазақ жерінде туып-өскеніме бақыттымын. Қазақ болып туғаныма да өтееееее бақыттымын :D

+0
07 сәуір 2012, 16:58

мусылман боганыма бақыттымынннннн

+0
10 сәуір 2012, 22:22

АЛЛАҒА мың да бір шүкір осы күніме

+0
28 сәуір 2012, 20:33

өмірге келгеніме бақыттымын!

+0
28 сәуір 2012, 21:21

қазақ болып туылғаны ма бақыттымын

+0
15 мамыр 2012, 09:46

Норвегия жайлы естігенім бар, олар қарт күнім қалай болар екен демей еш қамсыз өмір сүреді, біздің ҚАЗАҚтар сияқты пенсиясын да өзіне жұмсай алмай, ұл-қыздарын бағып отырмайды, өзім бақыттымын деп ойлағандарың қызық екен !!! бақыт деген өзіңнен ғана тұрмайды ғой, әр түнде ертеңгі күні нені қалай жеткізем деп жылаған аналары бар елді бақытты деп айта алмаймын :?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...