Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Бразилиялық әлемге танымал карнавал

Бразилиялық әлемге танымал карнавал

Бразилиялық әлемге танымал карнавал

Бразилияның ең танымал карнавалы Рио-де-Жанейрода 1928 жылдан бері өткізіледі. Карнавалдың ашылу салтанаты сенбі күні, Пасха мерекесіне тура 7 апта қалғанда болады. Салт бойынша сағат 19.00-да Рио-де-Жанейро басшысы карнавалды салтанатты түрде ашып, оның тізгінін карнавал ханына тапсырады. Бұл күндері карнавал Бразилияның барлық ірі қалаларында өтеді.

Бразилияның карнавалы – бұл энергияға толы, тартымды латын сылқымдарының би шеберлігін көруге мүмкіндік беретін қызықты мерекелік шара. Төрт күн бойы саны екі мыңнан бес мыңға дейін жететін Рио-де-Жанейроның ең үздік 12 самба мектептері өзара жарысқа түседі.

Рио-де-Жанейрода өтетін карнавалда әр мектеп алдын ала дайындаған «сахналық көрінісін» көрсетіп, оны туған жерге арнайды. Әр мектептің шеруі бір жарым сағатқа дейін созылуы мүмкін. Көрермен қауым сахналық көріністерді үлкен шаттықпен бақылаған кезде, әділқазылар өз бағасын беріп жатады.


Карнавалды ұйымдастыру мен самба мектептері

Карнавалды Рио-де-Жанейро қаласының туризм министрлігі, Самба мектептерінің одағы (Liga Independente das Escolas de Samba do Rio de Janeiro (LIESA)) және карнавалды көрсететін бірқатар телекомпаниялар ұйымдастырады.

Жыл сайын әр самба мектебі белгілі бір тақырыпты таңдап, костюм мен қойылым алаңын анықтайды. Содан кейін хореография, ырғақ, екпін, тұсаукесу рәсімдері жүргізіледі.

Самба мектептері футбол ойынындағыдай төрт одаққа бөлінген. Әр жыл сайын алғашқы одақтан жоғары ұпай санына ие болған бір мектеп алға шығып, «ерекше топқа» (Grupo Especial) енеді. Grupo Especial-да жеңіске жеткен мектеп ақшалай сыйақы алады. Бірақ, байқауға қатысушылар үшін ең жоғарғы сый «ерекше топтардың» қатарына ену болып табылады.

Реттілік пен бағалар

«Ерекше топтың» реттілігі жеребе тастау арқылы анықталады. Карнавалдың екі күнінде, яғни жексенбі мен дүйсенбі күндері 6 мектеп өз өнерлерін көрсетеді. Әр өнер көрсетуші мектептің адам саны үш-бес мыңға жетеді. Қатысушылар адам саны қырыққа жететін топтарға бөлініп, 5-8 көліктің үстінде өнер көрсетеді. Өнер көрсету уақыты әр мектеп үшін 82 минутты құрайды.

Әділқазылар алқасы соқпалы музыкалық аспаптардың ырғағын, ән, би, көріністің көркемділігін, қойылымдағы мектептің бірігуін, сонымен қатар, алдыңғы шендегі ту көтеруші әйелдің (порт. porta estandarte) өнерін бағалайды.


Эстасио ауданында орналасқан «Самбадрома» мінбесіне 88 500 көрермен жиналады. Алаңдағы шеру ұзындығы 700 метрден басталып, мерекелік күндері 10 сағатқа дейін созылады.

Сәрсенбі күні түскі уақытта 40 төрешілердің күшімен, тікелей эфирдегі  телеарналардан көрсетілетін әр ондық категориясының төртеуі арқылы жеңімпаз анықталады. Жеңіс марапаты салют пен жеңген мектепке құрмет көрсету арқылы жүзеге асады. Ал екінші және үшінші орын алған мектептерге ақшалай сый беріледі.

Дайындық

Келесі карнавалға дайындық бірден шеру біткеннен соң басталады. Дара демеушілер әр қатысушы үшін көптеген шығынға батады.

«Самбадромада» орналасқан шағын мұражайда карнавал тарихы, салт-дәстүрі, карнавал жайлы ақпарат ағылшын тілінде айтылады.

Жағымсыз көріністері

Карнавал кезінде жан-жақтан келетін туристтердің санының артуына байланысты көптеген қонақүйлерде орын болмайды. Кариокилер (порт. Cariocas, Рионың тұрғындары) карнавал уақытында қаладан кетуді жөн санайды. Карнавал барысында қылмыстық іс-қимылдар көбейіп, бұзақылық әрекеттер кең таралады. Халықаралық баспасөз өкілдері Риодағы карнавалды пайдаланып, қылмыстық жаңалықтар жайлы көп ақпарат таратады.

Форумда талқылау

Cуреттер: vmireinteresnogo.com, omyworld.ru

6931 15
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 19 ақпан 2012, 09:00
Пікірлер
+0
07 қаңтар 2012, 22:10

Осы фестивальді көру үшін Бразилия еліне барғым келеді

+0
20 ақпан 2012, 09:22

Бразилиядан не пайда! Егер өз салт-дәстүрлеріңді білмесеңдер!

+0
20 ақпан 2012, 10:47

Сізге өз елімнің салт-жораларын білмейтінімді кім айтты? Туған өлкемнің дәстүрін жақсы білемін.

+0
20 ақпан 2012, 10:53

100 пайыз білімін деп тұрсың ба?

+0
20 ақпан 2012, 10:54

Әлбетте, әлде күмәнданып тұрсыз ба?

+0
20 ақпан 2012, 11:01

Онда маған сіз сияқты ТОҚАЛ керек еді? Келісесіз бе?

+0
20 ақпан 2012, 11:02

Хехехех)))) Тоқал іздесеңіз, танысу порталдарына барыңыз)))

+0
20 ақпан 2012, 11:05

Қай сайттағы?

+0
19 ақпан 2012, 12:37

Бізде осылай далаға шығып көрші, ата-тегіңмен боқтап, жер-жеберіңе жетеді. Әр ұлттың салты басқа, иттері қасқа деген осы. )

+0
20 ақпан 2012, 09:21

Әрине боқтайды! Өйткені Бұл бізге жат қылықтар! Өзіміздің де жәстүрімізге сай бәйге, қыз қуу т.б жетерлік!

+0
19 ақпан 2012, 12:57

Күшті! Осы бразильяндықтар демала алатын халық)

+0
20 ақпан 2012, 09:18

ОЙ Қыздар біз қазақпыз! Біздің өз салтымыз өз мақсатымыз бар! Басқа халықтарға еліктемеңдер!!!

+0
20 ақпан 2012, 09:22

ҚЫЗдар маған ТОҚАЛ керек!!! Кім бар????

+0
20 ақпан 2012, 11:06

Сіздің тоқалыңыз бар секілді Абеке, менің ойымша ол сіздің оң қолыңыз.

+0
20 ақпан 2012, 11:09

Нені меңзеп отырсың? Ашып айт!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...