Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әлемдегі ең таза көл

Әлемдегі ең таза көл

Әлемдегі ең таза көл

Еуразия аталатын алып құрлықтың орталығында жіңішке келетін көгілдір жарты ай – Байқал көлі жатыр. Келбеті көз тартар көл "Әлемдегі ең таза көл" деген мәртебелі атақты иемденіп отыр. Көлдің суы ішуге жарамды келеді. Сонымен қатар, Байқал тереңдік жөнінен де көшбасшылық танытып келеді. Әлемдегі екінші терең көл Таньганьика (Африка) Байқалдан 200 метрге қалып тұр. Сондай-ақ, Байқалда 30-ға жуық арал бар. Олардың ең үлкені - Ольхон аралы.

Жан-жақтан таулы қыраттармен қоршалып жатқан кербез көлдің ұзындығы 636 шақырым болса, ені 80 шақырымнан асады. Аумағы жөнінен Байқал 10 миллион тұрғыны, көптеген қаласы, алып өнеркәсіп орындары, тасжолдары мен темір жолдары бар Бельгиямен иық тірестіре алады (көл аумағы - 31 470 шаршы шақырым). Өзеннің максимальды тереңдігі - 1637 м, орташа тереңдігі - 730 метр. Оған 336-дан астам бұлақтар мен өзендер келіп құяды. Ал одан ағып шығатын жалғыз өзен Ангара ғана екен.

Байқалдың қайталанбайтын, өзінше ерекше флорасы мен фаунасы бар. Әлемнің басқа су қоймалы бұл жөнінен Байқалмен таласа алмайды. Көлде 52-ден астам балық өмір сүреді. Байқалдың таулы қыраттарын жер шарымыздағы ең кішкентай бұғы, қоңыр аю мекен етеді. Ал Байқал жағалауынан шағаланың, көгала үйректің, турпанның (үйректің бір түрі), ақ құйрықты ақиықтың, балықшы құстардың бірнеше түрін және көлдің негізігі тұрғындары итбалықтар мен байқалдық нерпаны көре аласыз.

Табиғат дүниеге әкелген даңғарадай тірі суқойманың жасы ашық айтылып жүр. Ғылыми деректер Байқал көлінің 20-30 миллион жыл бұрын пайда болғандығын көрсетеді. Бұдан Байқалдың ең ежелгі көл екендігін байқаймыз.

Туристер арасында асқан танымалдылыққа ие болған көлдің айналасына әдемі қонақүйлер мен тасжолдар салыну үстінде. Байқалдың табиғатына тамсанған туристер бір емес, екінші, тіпті үшінші жылдары да келетін көрінеді. Уақыт өткен сайын бұл аймақтың танымалдылығы артып келеді. Осыншама сұлулықтың қадірін білетін әрбір турист Байқал аймағын аялап, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа сондай таза, сондай мөлдір қалпында жеткізуге атсалысады деген үміттеміз. Себебі, әлемдегі ең таза көл тазалықты талап етеді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Суреттер: samaya-v-mire.ru, screenfon.ru, dudu.com

11999 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 19 маусым 2013, 13:57
Пікірлер
+0
19 маусым 2013, 15:34

иә тағы да айтарымыз Байкал ең терең көл

+0
19 маусым 2013, 17:54

Иә және ең мистикалық көл

+0
19 маусым 2013, 21:07

қандай күшті!

+0
20 маусым 2013, 01:50

барып кайтуга болады екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...