Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Ағаштар неге билейді?

Ағаштар неге билейді?

Ағаштар неге билейді?

Ресейдің Калининград облысы мен Литва шекарасының аралығында Бүкіләлемдік мұра қатарына енген "Курш мүйісі" деп аталатын ұлттық саябақ бар екендігін біреу білсе, екіншісі біле бермейді. Ал сол құпия мен сұлулық тұнған табиғи ескерткіштің құшағында анадан мынаған дейін созылып "Билейтін орман" жатыр.

Ел арасында бұл аймақты - "мас орман", "ішіп алған аймақ" деп атау етек алған. Неге десеңіз, ормандағы қарағай діңгектері алуан түрлі пішінге еніп, бір-бірімен шырматылып, ілініп, "құшақтасып" жатыр.

Есте жоқ ерте замандардан бері орманның пайда болуы туралы мынадай аңыздар айтылып келеді: "Ықылым замандарда бұл өлкеде бірінен бірі өткен екі сиқыршы өмір сүрген екен. Олар орманның кімнің иелігіне жататынын біле алмай, әбден таласып, бір тұжырымға келе алмайды да, ашық айқасқа түседі. Ал мына ағаштар - сол соғыстың нәтижесінде пайда болған".

Келесі бір аңыз мүлдем басқаша шертіледі. Ерте замандарда бұл маңайда сиқырлы арфасы (ұзынша үшкілденіп жасалған саусақпен тартатын ішекті музыка аспабының бірі) бар сұлу бойжеткен өмір сүрген екен. Арфаның дыбысының әсерлі болғандығы соншалықты, адам түгілі орманда өсетін ағаштар да билейтін болған көрінеді.

Ғылым ше? Ғылым бұл туралы мүлде басқаша тіл қатады. Олар бұл құбылысты электромагнитті өрістермен, желмен, жәндіктермен байланыстырады. Десе де, табиғат ғаламатының құпиясын шешу ешкімнің бағына бұйырмады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, орманда жүріп өміріңізді ұзартып, денсаулығыңызды түзетуге болады екен. Бұл аңызға сенген туристер қауымы жыл сайын осында ағылып келіп жатады. Орманға жылына шамамен мыңнан астам қонақтар келіп-кетеді екен. Адамдардың ұқыпсыздығынан бүгінде табиғи ескерткіш қатты зардап шегіп, ағаштар жойылып кету қаупінде тұр.

Ағаштар неге билейді? Бұл сауалдың ізіне түскен бір топ ғалымдар таяуда ғана осындағы қарағайлармен өте ұқсас ұрықтар септі. Аумақ толықтай қорғауға алынып, мұқият бақылану үстінде деседі. Ғалымдар бұл қарағайлардың қалай өсетіндігін зерттеп, жұмбақтың шешуін табуды көздеп отыр.

Ал әзірге "Билейтін орманның" жұмбағы шешусіз қала бермек...

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

8074 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 29 наурыз 2013, 18:29
Пікірлер
+0
29 наурыз 2013, 22:26

Құдды бір билеп жатқан сияқты :D

+0
30 наурыз 2013, 16:02

кокшетаудагы талдарды айтсанызшы

+0
30 наурыз 2013, 23:51

Бурабайда биші қайыңдар бар ғоо

+0
01 сәуір 2013, 10:27

бір түрлі көрінеді екен

+0
08 сәуір 2013, 11:30

Алланың жасаған құдіретінің бір ғана көрінісі ғой бұл майысқан ағаштар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Цифрлы журналистика
Цифрлы журналистика

Технологиялардың дамуы журналистикаға да жаңа серпін әкелді...

ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...