Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемнің әйгілі көшелері

Әлемнің әйгілі көшелері

Әлемнің әйгілі көшелері

Көптеген қалаларда мыңдаған көшелердің болғандығына қарамастан, әрқашан бір-екі көше басқаларына қарағанда, анағұрлым танымал келеді. Мұның себебі де, көшелердің қала орталығы болып немесе түнгі өмірдің орталығына айналуы, не болмаса ойын-сауық кешені немесе тарихи орындар орналасқан жерде болуы. 

Ломбард стрит


Сан-Францисконың Ломбард-Стрит көшесі Russian Hill-ге шығатын бір жақты қозғалысымен танымал. Аталған көшеде қала тұрғындары «американкие горки» деп атап кеткен сегіз шұғыл бұрылыс бар. Соның арқасында бұл көше - әлемдегі ең ирек көше атағын иемденді.

Эбби Роуд


Abbey Road Лондонның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл көшеде аты аңызға айналған Beatles тобы өзі әндерінің 90 пайызын жазған. 1969 жылдың сәуір айында топ өздерінің соңғы альбомын жазуға жиналып, оны «Abbey Road» деп атаған болатын. Аталған альбом  ең көп сатылғандардың бірі болды. Бүгінде альбомның мұқабасы болған атақты өткелге  әлемнің әр жерінен мыңдаған туристер келеді.

Голливуд даңқ аллеясы


Лос-Анджелестегі Голливуд бульварын бойлаған Даңқ аллеясында өнерге өз үлесін қосқан атақты режисерлердің, музыканттардың, продюсерлердің, әншілердің құрметіне жаяужолдың бетіне плиткалар орналтылған. Бүгінде 2400-ден астам жұлдыздың есімі осы аллеяда мәңгілікке жазылды.

Ла-Рамбла бульвары


Ағаш отырғызылған Рамбла Бульвары Барселонаның ең жанданған көшесі болып есептеледі. Осы көшеге келетін адамдардың көп бөлігі – жергілікті тұрғындар емес, туристер. Көбіне бұл көшені Лас-Рамблас деп атайды себебі, көше түрлі стилдегі бірнеше көшеден құралған.

Уолл-стрит


Уолл-стрит тарихи қаржы орталығы және де Нью-Йорктік биржа қорының үйі. Бродвейден Ист-Риверге кететін тар көшенің атауы 17 ғасырда голландықтардың өз халқы санының ұлғаюына қарсы соққан қабырғаның құрметіне берілген.

Лас-Вегас Стрит


Лас-Вегас – құмар ойындарының әлемдік орталығы. Ол Невада штатының орталығында орналасқан. 

Елисей алаңы


Көптеген кинотеатрлары мен керемет дүкендері бар Елисей алаңы әлемнің ең танымал да әйгілі көшелерінің бірі. Әдемі және кең көше Келісім алаңынан Триумфалды аркаға дейін жалғасады. Көше, сонымен қатар, Париждің ең айтулы сауда көшесі болып саналады.

Абай даңғылы, Алматы


Ал Алматының ең әдемі де танымал көшесіне келер болсақ, сөзсіз Абай даңғылын айтуға болады. Театр, цирк, орталық стадион және бірнеше жоғары оқу орны және де тағы басқа қызықты ғимараттар орналасқан бұл көше Алматылықтардың ең сүйікті жерлерінің бірі.

Астананың сол жағалауы


Ал ел ордасы Астана қаласында жергілікті тұрғындар мен еліміздің әр аймағынан келетін қонақтардың сүйікті жері қаланың сол жағалауы.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: myfoto.kz, voxpopuli.kz, mirfactov.com

6548 4
Рейтинг: +3

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 27 наурыз 2013, 17:55
Пікірлер
+0
28 наурыз 2013, 08:51

Осы көшелерді кезсең ғой...

+0
28 наурыз 2013, 14:13

бәрі бәрі ұнады

+0
01 сәуір 2013, 15:09

осы көшелерде қаңғыыып жүрсек қой ә? :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...