Үй бермейтін қонақүй

Үй бермейтін қонақүй

Швецияға қонақ болып барған адам веб-сайттардың бірі арқылы ерекше қонақүй нөміріне тапсырыс бере алады. Тапсырыс барысында салтанат залы мен джакузидың жоқ екендігі алдын ала айтылып, есесіне қала паркінің ең көрікті жері мен жылы жертөлелердің бірін таңдау ұсынысы бұйырады.

Аталған нөмір арқылы өмірді екінші қырынан және осыған дейін байқамай келген қоғам шындығын тану мүмкіндігі туындамақ.

"Faktum"-ның "қонақүй желісі" Гётеборг қаласының бір түнін 15 долларға бағалап отыр. Тапсырыс берген нөмірді бөгде біреу иеленіп кеткен жағдайда компания оған жауап бермейді...

"Faktum" сайтында 10 "нөмірдің" кілті бар. Олардың әрқайсысы қаланың әр түкпірінде жайғасқан. Иеленген жағдайда "бөлмелерді" сурет арқылы табуға болады екен.

Қонақүйге тапсырыс беретін адамдардың қонып шығатындары шамалы. Жай ғана "нөмірді" сатып алу арқылы үйсіз-күйсіз жүрген аш-жалаңаш адамдарға қол ұштарын созғысы келеді. Әу баста-ақ бизнестің негізгі мақсаты да сол болатын: Баспана мәселесін шешіп беру.

Гётеборг - Швециядағы аумағы жағынан үлкен екінші қала. Бүгінгі таңда 3 400 үйсіз-күйсіз адам тұрып жатыр...

сурет:blog.i.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига