Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Марстан белгісіз жануардың қаңқасы табылды

Марстан белгісіз жануардың қаңқасы табылды

Марстан белгісіз жануардың қаңқасы табылды

Curiosity марсоходының түсірген суреттерінің ішінен қызыл ғаламшар бетінде жатқан жануар қаңқасының суретіне ұқсас дене көрінген. Бұл туралы tengrinews.kz ақпараттық порталы хабарлады.

Көптеген интернет-қолданушылар мұны белгісіз жануардың қаңқасы деп, Areazone51ufos.blogspot.com сайтына салған екен. Бұл сайт аспандағы белгісіз обьектілер (НЛО) мен паранормалды құбылыстарды зерттеумен айналысады. Сонымен қатар, қолданушылар марсоход түсірген видеоны да жариялапты.

Қызыл ғаламшар бетіндегі белгісіз жануардың омыртқа сүйегіне ұқсас қаңқасы тек интернет қолданушыларының ғана емес, сонымен қатар мамандардың да назарын аударып отыр. Тіпті кейбір ғалымдар мұны растап отырған да сыңайлы. Ал тағы бір топ оның ғаламшар бетіндегі желден пайда болған иллюзиясы деген ойға бекіген.

НАСА аппаратының Марсты зерттеп жатқанына жарты жылдан астам уақыт өтіпті. Оның әрбір түсірген суреттері адамзат атаулының түсінігімен де астаса бермейтін көрінеді. Ғалымдар көптеген суретке тек болжам айтып қана тоқталуда.

Еске сала кетсек, Curiosity аппараты бұған дейін гүлге, полиэтиленге, тас маймылға, жұмбақ пирамидаға және аяқ киімге ұқсайтын обьектілерді тапқан болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: tengrinews.kz

1793 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 26 ақпан 2013, 01:44
Пікірлер
+0
26 ақпан 2013, 02:31

бұл не болды екен :?

+0
26 ақпан 2013, 08:51

демек, бұрын тіршілік болғанды білдіреді ғой, мүмкін әзірде бар шығар??? Динозавр сияқты үлкен екен қаңқасы

+0
26 ақпан 2013, 11:33

хехе ертең тас болып шықпасын

+0
26 ақпан 2013, 15:58

белгісіз біреулер өмір сүрсе ше марста :lol:

+0
26 ақпан 2013, 16:13

Барып тұрған иллюзия! :?

+0
27 ақпан 2013, 02:09

ой анау тасқо тас қараңшиші дұрыстап

+0
11 наурыз 2013, 21:59

канка болса канка шыгар ;) ;) ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...