Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

"Күн қызының" сарайы

АҚШ-тағы Уолт Дисней әлемі туралы ойлағанда, ең алдымен армандайтыныңыз Күн қызының ("Золушка") сарайы екендігіне күмәніміз жоқ. Өйткені, бала шақта Күн қызының орнында болғысы келмеген қыздар немесе Күн қызына ғашық болуды қиялдамаған жігіттер болмады десек, артық айтқандығымыз емес.

Флорида штатындағы Уолт Дисней саябағы - әлемдегі ең үлкен (100 км²) және ең көп адам жиналатын (жылына 20 млн. адам) ойын-сауық орталығы болып саналады. Оның аумағына әртүрлі атауды иемденген 4 саябақ, 2 аквасаябақ, 24 қонақ үй және мыңдаған дүкендер мен кафе, мейрамханалар орналасқан.

1971 жылы ашылған "Сиқырлы патшалықтың" ең негізгі көшесіндегі Күн қызының сарайы - осы аумақтағы ең үлкен ғимарат (58 м). Сарайға жақсылап көз жүгіртер болсаңыз, ертегідегі суреттелетін сарайдан асып түсетіндігін байқай аласыз. Оның сүмбісінің (шпиль) биіктігі осы саябақтың жарты аумағының мөлшеріндей болса, безендіру жұмыстарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Сұр, көк түстерге боялған сүмбілер алтын түсті қабыршақтармен көмкерілген және ортағасырлық бекіністерді еріксіз еске түсіреді. Басты сәулетші - Герберт Риман. Ол бұдан өзге Испаниядағы Алькасар, Германиядағы Нойшванштайн, Франциядағы Шамбор және Шомон ғимараттарының авторы еді.

Бір қарағанда сарай тастан соғылғанға ұқсағанымен, ол бетон мен болаттан тұрғызылған. Және ең бастысы - ғимарат 175 км/сағ желдің өзіне төтеп бере алады.

Қамалдың 27 мұнарасында ертегідегідей бөлмелер ұйымдастырылған. Үш лифт жұмыс жасайды. Оның бірі - қонақтарды "Патша дастарханына" алып барады. Онда аталған ертегі кейіпкерлерін көре аласыз және бір дастарханнан дәм тату мүмкіндігіне ие боласыз. Мұнда басын сұққан балаларға "князь" немесе "ханшайым" деп, ал үлкендерге - "мырза" немесе "ханым" деп құрмет көрсетіледі. Сонымен қатар, ешқандай алкогольдік сусындар қойылмайды.


Ал кешкісін атақты Күн қызы өзінің қонақтарын тағының алдында қабылдайды. Сарайдың ең негізгі залы готикалық үлгідегі 5 метрлік аркалармен сәнделген. Бұл жерден 500-ге жуық түсті көруге болады және айналаның бәрі алтынмен апталып, күміспен күптелген.

Әрине, бұл сарайда бір күн, бір түнді өткізу үшін қалтаңыз қалың болу керек. Десе де, сарайдың қымбатшылығы мұнда келушілерге тұсау болған емес. 

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

5632 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 19 ақпан 2013, 07:42
Пікірлер
+0
19 ақпан 2013, 08:53

Ертегідегідей хан сарайы :D

+0
19 ақпан 2013, 10:31

Арман ғой көру

+0
20 ақпан 2013, 23:21

Арман ғой мынау күшті ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...