Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Жағаға шығып қалған кит өлгелі жатыр

Жағаға шығып қалған кит өлгелі жатыр

Жағаға шығып қалған кит өлгелі жатыр

Кеше, яғни, 26 желтоқсан күні Нью-Йорк қаласының маңындағы жағажайға 18 метрлік алып финвал-кит шықты. Китті жақын маңда серуендеп жүрген жүргіншілер байқан қалған. Оқиға орнына жетіп келген құтқару қызметі жануардың тірі екендігін анықтаған.

Мамандардың айтуынша, кит қатты арықтап қалған, сонымен қатар, денесіндегі көптеген тілімдер мен жарақаттардың себебінен қатты қиналып жатыр. Осы орайда биолог мамандар су тұрғынының мұндай жағдайда тірі қалуы екіталай екендігін айтты. Жануардың неліктен жағаға ұмтылғандығы белгісіз.

ап

Нью-Йорк, 26 желтоқсан

Осы орайда, АҚШ-тың мұхит және атмосфералық зерттеулер ұлттық орталығының (NOAA) мамандары жануардың жағдайы кешке дейін жақсармаса (Алматы уақытымен 28 желтоқсанның таңертеңгі мезгіліне дейін) оны қолдан өлтіруге тура келетіндігін айтып отыр. Бұл қадам "ауыртпашылықтың азабын тартып жатқан жануарға мейірім" тұрғысынан жасалады.

ап

Финвал-кит

Киттің қандай жолмен өлтірілетіндігі айтылған жоқ. Халықаралық кит аулау комиссиясының (International Whaling Commission, IWC) айтуынша, жануарды атып өлтіру тиімсіз. IWC сондықтан китті жарылғыш заттар арқылы өлтіруді ұсынды. Айта кетелік, 2010 жылдың қыркүйек айында осы ұйымның ұсынуымен Австралия жағалауына шығып қалған кит жарылғыш заттар арқылы өлтірілген болатын.

Құтқарушылар. Нью-Йорк, 26 желтоқсан.

Финвал - үлкендігі жөнінен жер бетіндегі жануарлардың ішінде көк киттен кейінгі екінші орында тұрған су тұрғыны. Финвал-киттер қазіргі кезде жер бетінен жойылып бара жатыр. Айта кетелік, бұл кит ең төменгі тембрдегі дауыс шығаратын жануарлардың қатарына кіреді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: arnapress.kz, earth-chronicles.ru

1200 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 27 желтоқсан 2012, 17:21
Тегтер: кит, финвал, АҚШ,
Пікірлер
+0
27 желтоқсан 2012, 17:38

Ең алып киттердің бірі деседі :roll:

+0
27 желтоқсан 2012, 18:17

Обал-ай, Осылар-ақ жарып өлтіруге бейім. Китті жаырп жіберіп, Иран мен Палестинге бәле ;) жабайын деп отыр ғой.

+0
27 желтоқсан 2012, 18:23

обал-ак! Емдеуге болмаспа екен,жара бергенше. :? :? :?

+0
27 желтоқсан 2012, 18:33

Аяныштысын-ай. Емдеуге келмейді ма екен?

+0
27 желтоқсан 2012, 18:39

кыйын болган екен :?

+0
27 желтоқсан 2012, 22:47

Obal kandai :( :(

+0
27 желтоқсан 2012, 23:18

Құдайым-ай... (((

+0
27 желтоқсан 2012, 23:42

"былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледі..."

+0
28 желтоқсан 2012, 00:45

Осындай алып жануарды өз көзіммен көрсем талып қалатын шығармын:) Бұл китке обал болған екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...