Көшедегі көркемөнер

Көшедегі көркемөнер

Үкілі әлем керемет суреттер мен таңғажайып бояуларға толы. Оның ішінде қала көшелері өз алдына бір бөлек әңгімедей...Бүгін сіздердің назарларыңызға қорқынышты һәм жалынышты, қызықты әрі танымдық, күлкілі және ойлы суреттер легін ұсынғалы отырмыз.

«Сәлем,сары қыз!» — Братислав қаласы, Словакия (Mira Mirart). Мұндай көшеде жүру қандай бақыт десеңізші?!

Лодзь, Польша (Sainer из Etam Crew). Үйдің қабырғасында бір сұлудың тығылып тұрғаны ғаламат емес пе?!

Пенанг, Малайзия (Ernest Zacharevic). Балалықтың ең тәтті елестерін келтіреді.

Германия (Mad C). Біздің кішкентайлар осы үйдің іргесінде ойнап көрсе...

Барселона, Испания (Roc Blackblock). Ежелгі өркениеттің қызықты көріністерінің бірі.

Париж, Франция (С215). Үйдің де жаны сыздап, сіз секілді ауырады...

Мичиган, АҚШ (David Zinn). Бүкіл қоқысты кілем астына тығып тастайтын бала кездің жүгірмектерін еске салып тұрғаны!

Орденес, Испания (Liqen). Жап-жасыл шөптер қандай "бақытты" еді!

Польша (Escif). Жарығы тегін ел сияқты ғой!

Куба (Jorge Rodriguez-Gerada). Мұңды жанар...

Бирмингем, Ұлыбритания (Digbeth). Тапқыр жастардың кезекті тапқырлығы...

Лондон, Ұлыбритания (David Walker). Талантты өнер иесінің қолынан шыққандығы көрініп тұр.

Лондон, Ұлы Британия  (Evol). Балаларға ойнайтын таптырмас мекен екен.

Ренн, Франция (MTO).  Бұл үйге келген адам соғысқа келгендей әсерде қалатын шығар.

Лондон, Ұлыбритания  (ROA). Мына үйдің адамдарының пейілдері суық сияқты ғой...

Испания (Sam3). Тағдырым менің қолымда.

Пусан, Оңтүстік Корея (Hendrik Beikirch). Биікпен таласқан...

Ұлыбритания (SmugOne) Қай киноның кейіпкері?

Испания (Borondo). Қорқынышты көрінеді.

сурет:priko.me

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига