Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Римдіктер Колизейді қоршап жатыр

Римдіктер Колизейді қоршап жатыр

Римдіктер Колизейді қоршап жатыр

Римнің ең көрнекті орындарының бірі - Колизей амфитеатрының айналасын түгел қоршау қолға алынды. Күн сайын ағылып келетін туристерді тастардың құлап кетуінен сақтандыру үшін осылай жасауға тура келіп тұр. 

Мұндай қадамға итальяндықтар соңғы жылдары ескі теaтрдың қирауына байланысты барып отыр. Біз сіздерді осы уақытқа дейін Колизей амфитеатрында жөндеу жұмыстары жүргізілетінінен хабардар еткенбіз. Жөндеу жұмыстары осы жылдың желтоқсан айының басында басталып, 2015 жылдың маусым-шілде айларына дейін жүргізілетін болады. Соңғы кездері жауған толассыз жауын ескі театрға зиянын тигізуде. 

Археологиялық қызмет тобының айтуынша, амфитеатрдың сыртын қоршаған шойынның ескерткішке еш кері әсері тимейді. Шойын қоршау театрдан 5-16 метр қашықтықта тұр. 

Өткен жылдың шілде айында итальяндық бір басылым Колизейдің оңтүстік жағының құлау қаупі бар екендігінен хабардар еткен болатын. 

Ежелгі амфитеатрға жөндеу жұмыстары түрлі кезеңдер бойынша жүргізілетін болады. Желтоқсан айының соңына жоспарланып отырған алғашқы кезең бойынша, ескерткіштің солтүстік және оңтүстік маңдай бетін тұрғызу жұмыстары басталатын болады.

Колизей 72-80 жылдары император Веспасиан Флавийдың әмірімен салынған. Алғашында бұл ескерткіш гладиатор батырлар ғана көңіл көтеретін орын болған.

Қазіргі таңда Колизей Рим қаласының көне көрікті мекендерінің бірі. Жыл сайын көне амфитеатрды өз көзімен көру мақсатында жердің түкпір-түкпірінен туристер ағылады. Италия басшылығы Колизейге тарихи ескерткіш деп қарайды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: biancoloto.com


1161 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 29 қараша 2012, 13:54
Пікірлер
+0
29 қараша 2012, 17:53

Мен көргенше құламай тұра тұрса болар еді :roll: :oops:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...