Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Махаббат мекені

Махаббат мекені

Сүйген жүректерге арналған арнайы қалалар бар екенін біреу білсе, біреу білмейді. Бұл қалаларда кез келген жастағы ғашық жан өз сүйіктісіне сезімін білдіре алады. Әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан мұндай қалалар талай қосылу мен айырылысудың куәсі болды. Талай ғашықтардың қуанышына ортақтасты.

Сүйген жүректер жиі бас қосатын алты құрлықтың алып шаһарларына көз жүгіртейік.


1. Италияның көне қалаларының бірі – Венеция. Бірнеше ғасырлық тарихы бар су үстіндегі әдемі қаланы «Махаббат пен романтика қаласы» деп атайды. Жыл сайын жер шарының кез келген нүктесінен бұл қалаға өз сезімдері мен пейілдерін білдіру мақсатында мыңдаған ғашықтар келеді. Венеция Уильям Шекспир, Шопенгауэр сияқты тұлғалардың шабытына арқау болған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бұл қалаға бал айын өткізу үшін жас жұбайлар жиі келеді. Ал өз үйлену тойын ерекше өткізуге құштар жандар неке қию рәсімін су бойымен жүзіп келе жатқан қайықта өткізеді. Венецияда күрсіну көпірі бар. Ертеде сотталған жандар түрмеге кетіп бара жатқан кезде бұл көпірге қарап ауыр күрсінген екен. Алайда бұл көпірге қатысты басқа ырым бар. Қайықта жүзіп келе жатып, көпірдің астымен өткен қос ғашық міндетті түрде бір-біріне сезімін білдіру керек.


2. Пәк сезімдер мекені – Париж. Бұл қала романтика мен армандарға толы. Жүздеген жылдар бойы Париж шынайы сезімдердің арбауында болған жандардың құпияларын сақтап келеді. Париж - романтикалық іс-әрекеттердің қаласы. Өз сүйгеніне тосын сый жасау мақсатында талай серілер алдын ала жолдама сатып алып, жергілікті қызмет көрсету орталықтарының кеңестеріне сүйенеді екен. Жас жұбайлар неке қию рәсімін Эйфель мұнарасында өткізуге ұмтылады.

Бірнеше жыл бұрын Парижде тағы бір романтикалық мекен пайда болды. Ол - Монмартта орналасқан махаббат іргесі. Ғашық жандар өз сезімдерін осы іргеге жазады. Жергілікті әкімшіліктің мәліметі бойынша, қазіргі таңда іргеде «Мен сені сүйемін» деген сөз әлемнің 311 тілінде жазылған.


3. Алып қала - Нью-Йорк. Көптеген кинолардағы романтикалық кадрларды осы қалада түсіреді. Көк тіреген үлкен ғимараттардың үстіңгі қабаттарында сүйген жандар бір-біріне өз сезімдерін білдіреді. Бұл көк пен жердің арасындағы ұлы махаббаттың бастау алуы деп сенеді. Жас жұбайлар бал айын осы қалада өткізуге тырысады. Себебі, Манхэттен бойында орналасқан “Love” махаббат мүсіні пәк сезімдердің нышанына айналған.


4. Еуропаның мәдениет астанасы – Вена. Дунай бойында орналасқан қаланы «Романтиктердің қаласы» деп атайды. Жергілікті статистикалық агенттіктің хабарлауы бойынша, нәзік жандардың көпшілігі «Маған тұрмысқа шық. Бірге болайық» деген сөздерді Венада естиді. Ал серілер болса, бұл сөздерді қаланың тарихи ғимараттары мен көне мекендерінде айтады екен. Жас жұбайлар неке қию салтанатын Венаның қорған сарайларында тарихи бағытта өткізеді.


5. Сүйген жүректердің мекені – Прага. Бұл қаланың әр көшесі, әр бұрышы, әр сарайы романтикаға толы. Чех астанасы тарихи ескерткіштерге, көне ғимараттарға, бір-біріне ұқсамайтын қорған сарайларға бай. Ғашық жандар өз сезімдерін білдіріп, неке қию рәсімі мен бал айын өткізу үшін Прага қаласына әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Себебі, бұл қалада үйлену тойын көне және заманауи бағытта өткізеді.

Форумда талқылау

Суреттер http://www.liveinternet.ru,  http://turtofrance.org/, http://www.thenewyorkcitytraveler.com, http://www.inter-wedding.ru, http://parienn.ru, http://www.svadbaruneta.ru/ ғаламтор беттерінен алынған

1857 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 13 ақпан 2012, 12:00
Пікірлер
+0
13 ақпан 2012, 11:20

Маған Парижде тұрып сүйген адамым сезімін білдірсе... )

+0
20 ақпан 2012, 10:56

Басқа халықты не қыласыз! Одан да маған тоқал боласыз ба?

+0
31 шілде 2012, 13:08

Ал маған Таж-Махалда тұрып сезімін білдірсе....

+0
13 ақпан 2012, 11:22

ал мен Италиядағы Джульеттаның үйін көргім келеді......

+0
13 ақпан 2012, 11:55

Маған Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың жатқан жерлерін көрсетіңіздерші )))))))

+0
20 ақпан 2012, 10:57

Өлген адамның жатқан жерін не қыласың? Біз секілді еті тірі қыз іздеп жүргендерге неге қарамайды осы қыздар?

+0
13 ақпан 2012, 14:41

Қандай керемет. Тіпті өзім бір сапар істеп келгендей сезімдемін...Шіркін

+0
13 ақпан 2012, 22:06

Маған жүрегімнің жартысы Самарқанда сөз айтса деймін )

+0
20 ақпан 2012, 11:12

Сіз өзбексіз бе? Өзбектен бәр тоқал алу керек еді

+0
20 ақпан 2012, 12:36

Қазақпын!!!
Жазғанның жөні осы екен деп, не болса соны, кетшей өзің!!!

+0
20 ақпан 2012, 14:55

Кетсең кет! Не айқайлайсың маған?

+0
20 ақпан 2012, 14:55

Ата-бабадан қорық!

+0
20 ақпан 2012, 15:20

Шал, қудың сен!!!
Немереңді бағып, пештің түбінде отырмайсың ба, бала-шағаға жағаласпай!

+0
20 ақпан 2012, 16:56

Тағы сол немере жетпей жатқаны! Сізді ТОҚАЛ қылып алсам ба деп тұрмын! Сол кезде сіздің балаңызды бағып пештің түбінде отырайын!

+0
20 ақпан 2012, 15:16

А солай ма, түсінікті -түсінікті, енді ескеретін боламыз. Қазағым айтады: "Өзбек өз ағам, сарт садақам". Қош келдің өзбек қызы!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...