Лапландияда мұз сарайы ашылды

Лапландияда мұз сарайы ашылды

Лапландияның швециялық бөлігіндегі Юккасъярви ауылында 7 желтоқсан күні Icehotel атты алып мұздан салынған қонақ үйі жұмысын бастайды.

в

Google Map сайтынан скриншот

Бұл отельдің тарихы өте тереңде жатыр. 1992 жылы іске аса бастаған идея 20 жыл ішінде мұз бен қардан салынған үлкен сарайға айналды. Құрылыстың жалпы ауданы 5 500 шаршы метрді құрайды. Қыстыгүні ғимарат ішіндегі ауа температурасы -5 градус болады екен.

ва

Тек қонақ үйдің өзі емес, ондағы жиһаздар мен барлардың да мұздан жасалғандығын айта кетелік. Ғимаратта сонымен қатар, неке қиюға да арналған бөлме бар.

ва

Icehotel-де демалу бағдарламасының ішіне қар кешкіш көлікпен қыдыру, иттер мен бұғылардың жетегіндегі шанамен сырғанау, сонымен қатар, терістік шұғыласын тамашалау кіреді екен.

ва

ва

ва

ва

ва

ва

ва

ва

ва

ва

Қонақ үйде бір күн тұрақтау құны 370 евро (70 000 теңге). Жоба авторларының айтуынша, отель 2013 жылдың 13 сәуіріне дейін жұмыс істейтін болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: avivas.ru, travel.ru