Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлем елдерінің үйлену салттары - 3

Әлем елдерінің үйлену салттары - 3

Әлем елдерінің үйлену салттары - 3

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа». Мұны айтқан мен емес, дана қазақ. Бүгін дәл осы аталы сөздің дәлелі ретінде Жер шарындағы әр түрлі елдердің үйлену салттары жайлы әңгімемізді жалғастырамыз.

Орыс халқында той күні жас-жұбайлардың куәгерлері екі бөтелке шампанды қызыл лентамен байлап, үстелдерінің үстіне қойып қояды. Аталған шампандарға салтанатты кеш барысынды тірі пенденің қолы тимейді. «Қашан ішеді, ішпесе, бізге берсін» деп алып-ұшып отырған боларсыз. Алайда, бұл бөтелкелер сізге де, бізге де арналмаған. Оның бірі үйлену тойынан тұп-тура бір жыл өткенде ішілсе, екіншісі өмірге алғашқы сәбилері келгенде ішіледі.

Шотландықтардың үйлену алдындағы дәстүрлері тіптен ерекше. Шотланд жігітке тұрмысқа шығу үшін де батылдық керек пе деп қаласыз... Күйеу жақтың туыстары тойдан бір күн бұрын тұздықты, кеспені, сәбізді, қышқыл сүтті, майды және тағы да басқа көптеген тамақтарды араластырып ботқа жасайды да, қалыңдықтың үстіне байқаусызда құйып жібереді. Есін жинап үлгермеген болашақ келіндерін жуындырмастан ауыл-аймақты айналдырып жүргізеді. Үсті-басы әбден былғанған келінді адамның көбірек көргені жақсы ырым саналады. Мұның мәні – басынан мұндай қиындықты өткерген әйел отбасылық өмірде кездесетін барлық кедергілерге төтеп береді деген сенімде жатыр.

Ирландия жерінде неке қию рәсімінде өзге халықтар секілді алтыннан немесе күмістен жасалған сақиналар, білезіктер тағылмайды. Мұның орнына адам шашынан жасалған жүзіктер мен білезіктер пайдаланылады. Олар мұндай әшекейлер бақытты әрі берік отбасының кепілі бола алады деп сенеді.

Непальдықтардың салты қазақ халқымен біршама үндес келеді. Бұлай дейтініміз оларды да ата-аналары сәбилер дүниеге келмей тұрып немесе шыр етіп дүние есігін ашысымен атастырып қояды.

Лаоста той аяқталған соң жігіт қызды үйіне дейін көтеріп апарады. Олардың ойынша, жаңа өмірге қадам басқан жас-жұбайларды жол бойында теріс күштер күтіп тұрады. Олар екі жастың бірге екендіктерін көрген соң, жаман ойларынан бас тартып, өз жөндеріне кетеді екен.

Вьетнамда жас-жұбайлардың ата-аналары тойды бөлек атап өтеді. Бір қызығы, жастар да, кәрілер де бір мезгілде тойлайды. Сондықтан, шақырылған қонақтардың қайда барарларын білмей бастары қатумен болады екен.

Кениялық күйеу жігіттер бал айы біткенше әйелінің киімін киіп жүреді. Бұл дәстүр  - ерлер қауымына әйел болудың қанашалықты қиын екендігін сездіру үшін ойлап табылған.

Өздеріңізді құрлықта мекендейтін халықтардың дәстүрлерінен хабардар еткен болсақ, енді аралда тіршілік ететін пенделердің салттарымен де таныс болайық.

Бұл тайпаларда күйеу жігіт қалыңдыққа той сыйлығы ретінде 20 шаян, 20 құстың қауырсынын, 20 шошқа тарту етеді екен. Тағы бір қызық салт, мұнда жігітке сезімді бірінші болып қыздар қауымы білдіретін көрінеді. Ол үшін қыздар көңілдері қалаған жігітке өз аналары арқылы арқанның үзіндісін беріп жібереді. Жігіт арқанды қабылдаған болса, жаңа отбасы құрылады деген сөзді білдіреді екен.

Суреттер:sovet-ilubov.ru,vedamost.info

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4410 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 27 қазан 2012, 09:29
Пікірлер
+0
27 қазан 2012, 12:50

Кениялық күйеу жігіттер бал айы біткенше әйелінің киімін киіп жүреді? Ой Аллой, мұндай да бар екен-ау :)

+0
29 қазан 2012, 09:00

:Үйлену туралы оқыған сайын тез-тез үйленгім кеп кетеді

+0
29 қазан 2012, 20:18

айтпа деңіз, тезірек үйленгім келіп кетті ғой меніңде.

+0
01 қараша 2012, 11:19

:lol: барінен де біздің қазақтардың тойына жетпейді ғой, шіркін!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet
Кешіккен кешірім
Кешіккен кешірім

Ерінбей оқып көріңіз?!

Сіз сенер ме едіңіз?
Сіз сенер ме едіңіз?

Ал ол сенеді... Өйткені...

Автор: Әсем Құлман
Қарапайым логикалық сұрақтар...
Қарапайым логикалық сұрақтар...

Кейде, сәл ғана ойлану-жетістікке әкеледі.

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...