Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / 16 қазан - Халықаралық азық-түлік күні

16 қазан - Халықаралық азық-түлік күні

16 қазан - Халықаралық азық-түлік күні

Жыл сайын аталып өтететін Халықаралық азық-түлік күні дәл осы күнге белгіленген. Бұл мереке аштыққа ұрынбау үшін не істеу керектігі себебінен туған. БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының келісімімен 1945 жылдың 16 қазан күні бекітілген бұл күн атаусыз қалмайды. Ғаламшардағы ауыл шаруашылық істерінде азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз ету барысында қолға алынған бұл күн аштыққа жол бермеу үшін атап өтіледі.

Әлемде өмірге келіп жатқан әр нәрестенің мына өмірде өсіп-өнуі, жер басып жүруі үшін азық-түліктің қажеттілгі көп. Сол үшін арнайы осы мәселемен айналысып, аштыққа тап болмаудың жолдарын бағып отыратын дүниежүзілік ұйымдар жетерлік. Ауыл шаруашылығында білек сыбана іс атқарып жүрген кәсіпкерлер мен жеке орталықтардың да міндеті зор. Бәрі де адамзаттың денсаулығы мен дұрыс тамақтануы үшін. Дені сау ұрпақ тәрбиелегісі келетін әлем оның қажеттіліктеріне құлақ салып, көз тастауы керек. Біз білетін «үшінші әлемнің» балалары өмірге келгеннен-ақ аштықтың зардабын шегеді. Тамақ қажеттілігін өтей алмаған олардың ақыл аясы тарылып, дамымай қалады. Олардың оқуға да, болашаққа сансыз жоспар құрып соған талпынуға да дәрмені жоқ. Өйткені олар аш... Әлемнің басқа да елдерінде бұл күн түрліше аталып өтеді. Бірі «Үшінші әлем» тұрғындары үшін түрлі қайырымдылық шаралардың тұсауын кессе, енді басқалары азық-түлік аукцондарын өткізіп жатады. Осы ұйымның белсенді мүшелері аштықпен алысу үшін талқыланатын түрлі іс-шаралар мен конференцияларға қатысады. Осы күні аштықтан зардап шегіп жатқан әлем елдері жайлы мағлұматтар ашық түрде жарияланып, оларға қалай көмек көрсетуге болатындығы жөнінде мәселелер қаралады. Оңтайлы шешімдер қабылданады.

Массагет ұжымы осы кәсіпке байланысты бүкіл ауыл шаруашылық ісінің мамандарын Халықаралық азық-түлік күнімен құттықтайды! 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: nnm.ru

2434 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 16 қазан 2012, 12:10
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...