Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Бір әріптен тұратын географиялық атаулар

Бір әріптен тұратын географиялық атаулар

Бір әріптен тұратын географиялық атаулар

«D» деген өзен туралы естігеніңіз бар ма? Жоқ әлде «А» атты ауылдың бар екенін білесіз бе? Әлемде географиялық атауы өте қысқа атауларды саусақпен санап шығуға болады. Бұл атаулардың барлығы жергілікті тілде ерекше мағына береді. Массагет порталы назарларыңызға географиялық атаулары тым қысқа өзен-көл, ауылдарды ұсынады. 

1. «А» ауылы , Норвегия

"А" — бұл ауыл Норвегияның Москенес қаласының Лофортен аумағына жатады. Негізінен бұл ауылдың дәстүрлі шаруасы - балық аулау. Бірақ, бүгінде "А" ауылы туристік аймаққа айналған. Бұл қалада Лофотен балығының арнайы мұражайы орналасқан. 

2.  «D» өзені, АҚШ

"D" өзені АҚШ-тың Орегон штатына қарасты Линкольн қаласынан бастау алады. Бір кездері бұл өзен әлемнің ең қысқа өзені аталып, Гиннес рекордтар кітабына енген. Оның ұзындығы бар болғаны 440 фут (130 метр). Дегенмен бұл өзен 1989 жылы рекордтар кітабынан шығарылды. "D" өзенінің орнына бүгінде Гиннестар кітабында Роу өзені кірген.

3. «Ø» шатқалы, Дания

Ø — шатқалы Norrea аймағында орналасқан Данияның Ютландия қаласының аумағында. Бұл атаудың мағынасы - арал деген мағынаны береді. (ø дат тілінде). Бірақ бұл аймақта ешқандай өзен де, көл де жоқ. Негізінен бұл атауды лексикографтар көп зерттейді. 

4. «E» өзені, Ұлыбритания

"Е" өзені Шотландияның таулы аймақтарында. Monadh Liath өзенінің солтүстік-батысынан басталып, Лох-Несс өзенінің оңтүстік-шығысымен шектеседі. Өзен таулы аймақтан басталатындықтан, жылдамдығы жоғары.

5. «А» ауылы, Швеция

"А" -ауылы Швецияның Норчепинг қаласына қарасты Эстергетланд аумағында орналасқан. Бұл ауылдың тұрғындар саны - 200. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Швеция елінде "А" атаулы тағы 12 ауыл бар екен. 

6. «Y» ауылы, Франция

"Ү" ауылы Францияның солтүстігіндегі Сомма және Пикардив аймағына жатады. Бұл ауыл Франциядағы атауы ең қысқа ауыл. Ауылдың тұрғындары өздерін «Ypsilonien (ne) s» деп атайды. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет:mirfactov.com

4430 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Қосылған күні: 12 қазан 2012, 12:20
Пікірлер
+0
12 қазан 2012, 14:32

Қазақстанда мынадай атаулар болса, баяғыда-ақ шатасып бітетін едік))

+0
12 қазан 2012, 14:39

Міне қызық)

+0
12 қазан 2012, 14:39

Қойдың артына таңба басқандай екен... :lol: :lol: :lol:

+0
12 қазан 2012, 14:41

А деген ауыл норвегиядағы табиғаты керемет екен :roll:

+0
12 қазан 2012, 15:51

арифметикада "А нүктесінен В нүктесіне пойыз осындай жылдамдықпен шықты" деуші еді. Сол осы елді-мекендерге қарап отырып, сызған албасты екен ғой! :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз біле бермейтін 11 қызық!
Біз біле бермейтін 11 қызық!

Әлемде қызықты оқиғалар өте көп!

Автор: Altynay Yklasova
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...

Блог деген не? Блогер деген кім? Бізге қажеті бар ма?

Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!
Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!

Олардың орнына өзіңізді бір сәт қойып көрдіңіз бе?

"1+1" Неприкасаемые. Сіз білмейтін жайттар

Бұл киноны не үшін көру қажет?

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...