Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемнің жеті құпиясы

Әлемнің жеті құпиясы

Әлемнің жеті құпиясы

Адам баласы небір ғажайыптарды қолмен тұрғызып, өрнектеп, безендіріп, сәндендіріп, ақылға сыймастай етіп жасап, келешекке мұра етіп қалдырған. Ғасыр жаңарды, адам дамыды, техниканың түрі-түрі пайда болды. Алайда, өзіміз секілді екі аяқты, жұмыр бастар дүниеге әкелген мұндай ғажайыптардың көпшілігінің құпиясы әлі күнге дейін беймәлім болып келеді. 

Ендеше, күллі әлемнің құпиясы саналатын ескерткіштер туралы біле жүріңіз, бәлкім бұл жұмбақтардың шешуін сіз тауып қаларсыз... 

1. «Войнич қолжазбасы» – осыдан 600 жыл бұрын белгісіз автордың белгісіз тілде жазылған құпия кітабы. Арнайы жүргізілген сараптамалар бұл қолжазбаның 1404 және 1438 жылдар аралығында жазылғандығын анықтады. Қолжазба табылған сәттен бері қаншама ғалымдар ондағы жазудың сырын ақтармақ болды. Алайда, барлық талпыныс сәтсіз болып шықты. Мамандардың пайымдауынша, мәтін нақты логикалық құрылымы бар «өнер тілінде» жазылған екен. Тағы бір айта кететін жәйт, қолжазбаның «Войнич» аталуы хақында: Этель Войнич – аталған қолжазбаны тапқан адам. Оның бізге «Сона» атты романы белгілі.

2. Криптос – Виргиния штатындағы ЦРУ орталығының бас кеңсесінің алдында орналастырылған шифрланған мәтіні бар мүсін. Аталған мүсіннің мұнда қойылғанына жиырма жылдан астам уақыт өтсе де, мәтіннің құпиясы толықтай ашылған жоқ. Тек қана, халықаралық криптоаналитиктер бірлестігінің жұмыстарының арқасында алғашқы 3 секциясын оқуға мүмкіндік берілді. Ал қалған 97 таңбаның сырын ақтару – болашақтың еншісінде жатыр.

3. Фест дөңгелегінің жұмбағы Индина Джонстың оқиғасына ұқсас келеді. Тарихтың иісі мүңкіп тұрған табақ әбден қираған Фест сарайынан табылған. Ол күйдірілген балшықтан жасалған және бетінде беймәлім таңбалар бар. Ғалымдардың сөзіне сенсек, бұл таңбалар ежелгі Крит жерінде қолданылған жазба тілге өте ұқсас және ол осыдан 2 мың жыл бұрын жасалған.

4. XVIII ғасырдың көзі саналатын «Бақташы ескерткіші» Англиядағы Стаффордшир графтығында орналасқан. Ескерткіште «DOUOSVAVVM» деген әріптер қатары бар. 250 жылдан бері көрсетілген кодты Чарльз Диккенс, Чарльз Дарвин бастаған ғалымдар қатарының ешбірі де оқи алған жоқ. Таңбаның авторы да бізге белгісіз. Бірқатар зерттеушілердің айтуынша,  бұл таңба «Қасиетті Грааль» жасырылған орынды көрсетіп тұрған белгі болуы әбден мүмкін.

5. «Тамам Шуд» - Аустралияның аңызға айналған жұмбақ ескерткіштерінің бірі. Оқиға былай басталды. Аделайда жерінен 1948 жылдың желтоқсан айында аты-жөні белгісіз бір адам табылады. Ал оның құпия қалтасынан бір жапырақ қағаз шығады. Қағазда «Тамам Шуд» деген жазу бар екен. Дәл осы сөз О.Хайамның рубайлар жинағының ең соңғы бетінде кезедеседі. Осы оқиғадан көп уақыт өтпей жатып, О.Хайамның рубайларының көшірмесі де табылады. Көптеген ғалымдар бұл – белгісіз бір әулеттің өлер алдындағы аманат хаты деп жатады. Алайда, болжамдардың нақты дәлелі жоқтың қасы...

6. «Wow!» сигналы - 1977 жылдың 15 тамызында Огайо университеттерінің біріндегі «Үлкен Құлақ» атты радиотелескопта жұмыс істеу барысында тіркелген тар жолақты ғарыштық радиосигнал. Телескоп принтерінен шыққан осы сигналды көрген профессор Джерри Эйман қызыл сиялы қаламмен қасына Wow! (Мә! Мәссаған!) деп жазып қойған. Осылайша сигнал SETI (Жерден тыс өркениетті іздеу бағдарламасы) тарихында "Wow!"деген атпен қалып қойды. Бұл жұмбақтың шешуі де әлі күнге дейін табылмай келеді.

7. Джорджия тақтасы – АҚШ-тың Джорджия штатында орналасқан алып гранитті монумент. Ескерткіште сегіз түрлі заманауи тілде ұзыннан-ұзақ жазбалар жазылған, ал оның ең жоғарғы жағында аккад, грек, санскрит, ежелгі Египет тілдерінде қысқаша жазбалар жазылған. Мұндағы жазуды толықтай оқып шығуға болады, ал оның жасалу себебі әлі күнге дейін белгісіз. Өкінішке орай, монументті тұрғызған адам туралы мәліметтер де жоқ.

Суреттер:u-news.org.ua,ru.wikipedia.org,xpeace.ru,vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4391 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 11 қазан 2012, 15:09
Пікірлер
+0
11 қазан 2012, 15:54

Керемет деректер!

+0
11 қазан 2012, 16:06

біздің сан мың Жұмбақтастардың сыры бұлардан тереңірек. Мыналар жасанды!

+0
11 қазан 2012, 16:10

менің бәрінне де УОУ дабылының сырын білгім кеп тұр :)

+0
11 қазан 2012, 17:52

Құпияларды ашқан ұнайды

+0
11 қазан 2012, 19:57

осындай жумбактарды жаным суйедi.

+0
12 қазан 2012, 10:39

бәрі де шылғи өтірік!

+0
12 қазан 2012, 15:56

қызықты дүние екен.

+0
12 қазан 2012, 16:19

Әлемнің ашылмаған құпиясы қаншама

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...