Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / АҚШ-та бір ит жетім мысықты "асырап алды"

АҚШ-та бір ит жетім мысықты "асырап алды"

АҚШ-та бір ит жетім мысықты

Американың Миннесота штатында тұратын тұрғындардың бірінің немересі үйсіз-күйсіз жүрген бір мысықты көшеден тауып алып, үйге алып келіпті. Ең қызығы сол, егде тартқан әйелдің немересі ойнап жүрген ұрғашы ит күтпеген жерден жетім мысық баласына аналық мейірім танытып, "бағып-қағуға" өз қол астына алған. 

"Миттенс (иттің аты) мысықтың даусын естіген бойда дегбірі қашып, бір орында тыпырлап тұрмай қойған. Содан кейін әлгі мысықты көрген бойда айналып-толғанып жүріп, қасынан бір елі ажырамауға бекінген сыңайлы..." - деп ит иесі Патриция Вебер мәлім етті.

Мысық баласы табылған кезде халі мүшкіл жағдайда болыпты. Және есін жинап, қалыпқа келген соң "Бутси" деген ат берілген.

Вебер өзінің иті туралы тағы бір қызықтың шетін шығарды. Күшік кезінен бастап өсіріп келе жатқан иті кейде тосын қадамдар мен қызықты қылықтар жасап тұратын болып шықты. Осы бір оқиға орын алмастан бірнеше күн бұрын итінің үрпілері шектен тыс ісіне бастаған. 

Қазіргі таңда мысық баласының қалай өмір сүріп жатқаны белгісіз. Бір білген ақпарат, Патрицияның мысыққа қарсы аллергиясы бар. Бірақ, жарасымды отбасыны бөле қоятын ойы жоқ екен. Әзірше...


сурет:cathome.ucoz.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

5586 4
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 28 қыркүйек 2012, 18:39
Пікірлер
+0
28 қыркүйек 2012, 19:07

ал біздің екі аяқ, жұмыр бастар мысық түгіл іштен шыққан перзенттерін далаға тастап жатыр ғой... :(

+0
28 қыркүйек 2012, 20:41

айтпаңыз, мысықтардың туылатыны бір выживание, әйтеуір 1 перзенті тірі қалса қуанасың....

+0
29 қыркүйек 2012, 12:01

:shock:

+0
29 қыркүйек 2012, 12:05

"ит пен мысық сияқты" деп араз адамдарды айтатын, бұдан кейін бұл сөзді "жауларға" қайтып қолданасың? ) :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...