Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемнің ең таңдаулы мектептері

Әлемнің ең таңдаулы мектептері

Әлемнің ең таңдаулы мектептері

Санаулы күндерден соң үш ай бойғы демалыс өз мәресіне жетіп,  оқушыларымыз алтын ұя мектептеріне оралмақ. Бастапқыда сағынышпен қауышқан мектебіміз ыстық болып көрінгенімен, кейде сабағымыз қиындап немесе мұғалімдерден ұрыс естіген сәттерімізде көзімізді жұмып алып, ертегідегідей міні жоқ мектептерге қашып кеткіміз келіп жатады. Осы орайда оқырмандарымызға әлемнің ең таңдаулы мектептері туралы мәліметтер ұсынбақпыз.

Ле Рози мектебі, Швейцария (Әлемдегі ең қымбат мектеп)

Көненің көзі саналатын Швейцариядағы бұл мектептің негізі  1880 жылы қаланған. Ле Розе ұзақ жылдар бойы тек ұл балаларды қабылдап келіп, 1967 жылдан бастап қыз балаларына да білім алуға мүмкіндік берді.

Оны кейде «Патшалар мектебі» деп те атап жатады. Өйткені мұнда хандық әулеттің мұрагерлері білім алатын болған. Сондықтан болар, Ле Розе әлемдегі ең қымбат мектептердің бірі саналады.

Мектеп оқушыларының жағдайлары толықтай жасалған. Олар әдеміше келген айдын көлдің жағасында тұрады және онда кітапхана, компьютер сыныптары, театр, көркем студиялар, лаборотория, спортзал, теннис залдары, футбол алаңы, бассейн бар.

Ал қыс мезгілі төрлетісімен барлық мектеп ұжымы «қысқы резиденцияға» көшеді. Гштаад резеденциясында  шәкірттердің білім алуына және алаңсыз демалуына барлық жағдай жасалған.

«Қандай керемет! Мынау өзі бір шипажай ғой!» деп ойлап отырған боларсыз! Олай емес! Мұндағы білімнің сапасы өте жоғары әрі сабақтар да өте қиын. Ал тәртібі тіптен қатал. Білім сапасы жөнінен ең алдыңғы орында тұрған Ле Розе мектебінде тек қана жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дегендер ғана білім ала алады.

Итон мектебі, Англия (Тәртібі ең қатал мектеп)

Аты аңызға айналған британдық Итон метебі – саясат пен мәдениет әлеміне аяқ басар рұқсат қағазы десе де болады. Білесіз бе, мектептің негізі 1440 жылы қаланған екен. Алғашқыда мұнда 70 қана шәкірт өз білімдерін жетілдіретін болған. Ол кездері мектеп өте суық және тар бөлмелерде сабақтар өтетін және темірдей қатал тәртіп пен таңертеңгі  алтыда басталатын сабақтар шәкірттер үшін өте ауыр еді.

Араға 500 жыл салған мектептің бүгінгі жағдайы өте жақсы! Итонда қазіргі таңда мыңнан аса шәкірт өз білімдерін шыңдауда. Ал «тәртіпке бағынған – құл болмайды» деген ұстанымды берік ұстанатын мектеп ұжымы баяғы қатаң тәртіпті әлі жалғастыруда. Әлемге ең қатал мектеп деген атпен танымал.

Сабақтар әрбір оқушыға жекеше өтіледі және таңнан кешке дейін жалғасады. Итон мектебінен небір танымал жазушылар мен өнер қайраткерлері және саясаттанушылар түлеп ұшқан. Спорт саласындағы жетістіктері де көңілден шығады.

Мектептің ең негізгі ерекшелігі: мұнда тек ұлдар ғана білім алады.

Бененден мектебі, Англия (Көшбасшы аруларды даярлайтын мектеп)

Бененден мектебі өз жұмысын 1929 жылы ғана бастағанымен, алдыңғы екі мектеппен иық тірестірер шамаға жетіп үлгерген. Мұнда білім алушылардың дені қыз балалар. Мектептің мақсаты да – ғасырдың көшбасшы қыздарын тәрбиелеп шығару. Сондықтан олар білім алып қана қоймай, балет өнерін, атпен шабуды, садақ атуды және әскери қатынастар жүргізуді үйреніп шығады.

Мектеп қабырғасында жұмыс жасайтын драма театрдың арқасында 500-ге жуық ару өздерін актриса ретінде сынап көре алады.

Бененден өз мақсатына еш сүрінбестен жетіп келеді. Өйткені, бүгінде әлем мойындаған нәзік жандылардың көбісі осы мектептің түлектері екен.

Суреттер:etoday.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

5682 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 28 тамыз 2012, 19:56
Пікірлер
+0
28 тамыз 2012, 18:51

мда. Кереметко,мына мектептер. Осында окырма едi.

+0
28 тамыз 2012, 19:47

ғимараттарына білімдері сай болса болар )

+0
28 тамыз 2012, 22:08

біздің мектеп те осындай :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...