Обаманың інісі лашықта өмір сүреді екен

Обаманың інісі лашықта өмір сүреді екен
Фото: dailymail.co.uk

Әлемдегі ең ықпалды адамдардың бірі Барак Обаманың інісі Африкада бір бөлмелі лашықта өмір сүреді деп кім ойлаған? Шынында да солай екен.

Daily Mail-дың хабарлауынша, Джордж Обама - АҚШ-тың алғашқы қара нәсілді президентінің өгей інісі. Яғни ағайынды балалардың әкесі ортақ болғанымен шешелері бөлек. Джордж Кения елінде дүниеге келген. Қазіргі кезде осы елдің астанасы Найроби қаласында өмір сүріп жатыр.

Отбасылық портрет

Джордж Обама

Екі ағайынды бауырдың тегі ғана ұқсас емес. Сырт келбеті мен түр әлпеті де бір-бірінен айнымайды. Бірақ Барактың Джорджға қарағанда ақшылдау екендігін айта кету керек. Неге десеңіздер қазіргі Ақ үй басшысының анасы Энн Данхэм америкалық ақ нәсілден шыққан әйел.

Сәби Барак және анасы Энн Данхэм

Джордж өзінің танымал тегінің әсерінен өзін ыңғайсыз сезінетіндігін айтып жүр. Бірақ экс-президент інісінің көршілері оның өз атын пайдаланып қарыз алудан еш тайынбайтындығын айтып, бұл сөзді жоққа шығарды.