2016 жылы саяхаттауға ең арзан елдер

2016 жылы саяхаттауға ең арзан елдер
Фото: russiantourism.ru

2016 жылғы саяхат үшін Үндістан мен Индонезия мемлекеттері ең арзан ел болып танылды. Бұл туралы Skyscanner туристік қызметі хабарлады.

Тізімді жасау барысында екі адам бір тәулік қонақтауы, тамақтануы және көлікке жұмсалатын ақшасы негізгі талаптар ретінде қарастырылды.

Үндістан мен Индонезияда екі турист бір күнде орташа есеппен 40 доллар жұмсайды. Ал үнемшіл туристер үшін Үндістанда тәулігіне 20 доллар да жеткілікті екен. Непал мен Вьетнамда бір күн аралауға 45 доллар кетеді. Лаоста − 55 доллар, Шри-Ланкада 60 доллар ақша жұмсалады.

Тізімді құрастырушылар Ресейге көршілес елдерде де арзан демалуға болатынын айтты. Мәселен, Абхазияда бір тәулікте 65 доллар, Арменияда 70, ал Грузияда 80 доллар жұмсалатын көрінеді.

Еуропалық елдердің ішінде Сербия, Болгария, Черногория, Румыния және Венгрия қалта көтерерлік елдер болып саналады. Мұнда тәулігіне  шамамен 70-85 долларға дейін ақша керек.

Айта кететіні, рейтингті құрастырушылар туристердің ұшақпен ұшуға кететін ақшаны есептемеген.

Дереккөз: inform

С. Ерсін