Нью-Йорктің ең биік ғимаратында анимациялық шоу өтті

Нью-Йорктің ең биік ғимаратында анимациялық шоу өтті
Фото: www.boredpanda.com

Таяуда Нью-Йорк қаласының ең биік ғимараты Эмпайр Стейт Билдингте анимациялық шоу болып өтті. Шоу 3 сағатқа жалғасты. Онда жобалаушы инженерлер 40 проектормен 160 түрлі бейне көрсеткен. Шоуды "Discovery Channel" телеарнасы деректі фильм түсіру үшін арнайы ұйымдастырған екен. 

Эмпайр Стейт Билдинг (Empire State Building) — Америка еліндегі Нью-Йорк қаласының ең биік ғимараттарының бірі. Мұнара 1931-1972 жылдар арасындағы әлемдегі ең биік ғимарат саналды. Алғашқы кезде Эмпайр Стейт Билдингтің биіктігі 381,3 метр болды. Кейін ғимараттың төбесіне телемұнара тұрғызылып, бизнес орталықтың биіктігі 443 метрге жеткен. Қазірде ғимарат 103 қабаттан тұрады. Жобаның авторы – "Шрив, Лэм және Хармон" компаниясы.

 

Н. Нұрмаханұлы