Сеулдің тағы бір кереметі

Сеулдің тағы бір кереметі
2008 жылы Оңтүстік Корея мемлекетінің астанасы Сеул қаласы ат ізін салып көруге тұрарлық жермен толықты. Ол Ханьшуй өзенінің жағалауларын біріктіретін Банпо көпіріндегі ерекше фонтан.

Көпірдегі көлік жолының екі жағынан арнайы су шашқыш қондырғыдан әр минут сайын 190 тонна түрлі-түсті су ағыны өзенге құяды және ол жол қозғалысына еш кедергі келтірмейді-міс.

Ұзындығы 1,4 километрді құрайтын көпірдің екі жағына су шашуға арналған 9 380 қондырғы орнатылған және соның көмегімен өзеннен су тартылады.

Су шашқыш қондырғылар "су биі" секілді қозғалады, ал 190 жарықдиодтары тамаша көрініске қосымша ретінде түрлі түспен жарықтандырылады. 

Ғажап фонтанды Оңтүстік Корея еліне туристерді тарту мақсатында жасаған және жоба өз міндетін атқарды есек те болады. Жыл сайын аталған көпірді көруге шетелдерден мыңдаған туристер ағылудасонымен қатар туристердің ең сүйікті жерлеріне айналдыдесек қателеспеспіз.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: autotravel.ua

Ж. FM