Айналы қақпа

Айналы қақпа

Жақсы өмір сүру үшін жақсы үй, жақсы жар, жақсы көлік, жақсы жұмыс болуы тиіс. Одан арғысын көңіл-қошыңызға байланысты біртіндеп иелену өз еркіңізде. Мүмкіндіктердің шектеусіз екенін ескерсек, онда сіз өте жақсы өмір сүруге құқылысыз. 

Біздің міндетіміз сізді әлемнің айшықты дүниелерімен таныстыру. Мәселен, жақында ғана неміс жұрты ойлап тапқан айнадан жасалынған қақпа. Бар әлемнің өнерін меңгеріп алған немістер енді айнадан қақпа жасауды қолға алып жатыр. Алайда, аталған қақпа неміс сияқты жұрттарға ғана қолайлы болып шықты.

Олай деп айтуымыздың себебі, қақпаны ойлап тапқан неміс өнертапқыштары осы бір көздің жауын алатын дүниені өте ұқыпты ұстау керектігін ескертеді. Себебі, сәл ғана кінәраттың өзі қомақты қаржыға сатып алған құндылығыңыздың астан-кестеңін шығаруы мүмкін.

Есесіне жылдың төрт мезгіліне сәйкес құбылып тұратын қақпа сізге бұрын-соңды байқалмай жүрген табиғаттың әдемі де әрлі сәттерін көрсетіп тұрады. Және қай уақытта болмасын, қақпа сізге көтеріңкі көңіл-күй мен жарасымды ән сыйлайтын болады.

Жалғыз ғана қорқыныш болып отырғаны, қақпаның тез кірлейтіні және дақ көтере алмайтын қасиеті. Оған қоса көзді қарықтыра беретіндігі. Әйтпесе, жұтынып тұрған қақпаны иелену қанша ақшаңызды шашсаңыз да, босқа кетпейді. Әрі көре алмайтын ағайынның көзі де өтпейді...

Сурет:garmcompany.com

Дайындаған: Фараби Бақыт 

Л. Лига