1500 жыл бойы өсіп келе жатқан Періште емені

1500 жыл бойы өсіп келе жатқан Періште емені

Америка елінің Оңтүстік Каролина штатында жасы 1500 жыл болатын емен ағашы өседі. Ағашты жергілікті тұрғындар «Періште емені» деп атайды. Оның биіктігі – 20 метр, диаметрі – 2,7 метр. Ал ұзындығы – 27 метр. Ол Джон аралында орманды алқапта орналасқан.

Еменге «Періште» атауы соңғы егесінің тегіне байланысты берілген. 1717 жылы емен өсіп тұрған аймақты Авраам Уэйт есімді азамат меншік етеді. Сөйтіп Уэйт әулетінің меншік етуі 4 ұрпаққа жалғасады. Кейіннен Авраамның шөбересі Мартой Уэйт Такер мен Юстус Энджелдың (Angel) некелесуінен «Періште» аталады. Қазіргі таңда «Періште емені» саябаққа айналған. Саябақ 1991 жылы Чарлстон қаласының үлесіне кіреді.

Еменнің бұтақтары өте ауыр. Тіпті кейбіреулері жерге жанаса өскен. Ол су тасқыны, дауыл, жер сілкінісі секілді ауыр апаттарды бастан өткерген. 1989 жылы Періште емені Хуго дауылынан зардап шегіп, уақыт өте қайта қалпына келген.

Көктем мен жаз айларында саябақта сан алуан мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз: 

Әлемдегі ең әдемі көшелер

Қаңтар айының үздік суреттері

Бұл ауылда көшенің орнында өзен ағып жатыр

Әйгілі Алькатрас аралы туралы біле жүріңіздер

Сурет: nevseoboi.com.ua

Н. Нұрмаханұлы