Тау басына салынған кішкене үйшік

Тау басына салынған кішкене үйшік

1915 жылы Бельгия елінің атақты Сольвей есімді химигі Маттерхорн тауына кішігірім үйшік салу үшін жеке меншігіндегі барлық мүлкін саудаға салған. Химиктің айтуынша, ол мұнда ғұмырындағы ең керемет шағын бастан өткеріпті. Кейіннен химик тау басындағы үйшікті альпинистерге сыйлық ретінде тарту етеді. Қазіргі таңда альпинистер үйшікті паналауға пайдаланады.

Тау жартасында салынған үйшік «Сольвей үйшігі» деп аталады. Үйшік теңіз деңгейінен 4003 метр биіктікте табан тіреген. Бүгінде Сольвей үйшігі әлемдегі ең жоғары жерде орналасқан үйшік. Қазірде үйшік Швейцария альпинист клубының меншігінде. Үйшік құрылысына бар-жоғы 5 күн кеткен. Алайда құрал-сайман мен құрылыс материалын жеткізуде аздап қиындықтар болыпты. Құрылыс материалын жоғарыға шығару үшін алдымен оны 3260 метр биіктікке көтеріп, одан кейін ары қарай қалың арқан жіппен құрылыс орнына жеткізген.

Альпинистер үйшіктің қиыр бөлігін «бұлтты аймақ» деп атайды. Үйшікке келген кез келген адам романтикалық атмосфераға енеді.

Маттерхорн тауы Еуропа орталығында орналасқан. Бұл жерде Италия мен Швейцария мемлекеттері шектеседі. Жотаның өзі Альпі тауында биіктігі бойынша 5-орын алады.

Оқи отырыңыз:

Елден ерекше қонақ үй

Әлемнің ең әдемі қалалары

Адамды киіміне қарап бағалама

16 жыл бойы демалған британдық отбасы

Сурет: alpenverein.at

Н. Нұрмаханұлы