Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Дүниежүзін шарлаудың 7 салдары

Дүниежүзін шарлаудың 7 салдары

Дүниежүзін шарлаудың 7 салдары

Дүниежүзін шарлауға бір емес, бірнеше ай уақыт кетеді. Өкінішке орай, кезекті еңбек демалысы ұзаққа созыла бермейді. Сондықтан да дүниежүзін шарлап қайтуға мүмкіндік болмайды. Алайда, алты құрлықты аралау аяқ астынан болу мүмкін. Осыған байланысты әлемнің түкпір-түкпірін аралауға түрткі болатын жеті себеп-салдарды айта кетейік.

Оқу не жұмыс бағдарламалары

Мектеп, жоғары оқу орнын бітірген соң, жұмысқа орналаспас бұрын, алаңсыз саяхат жасауға болады. Білім ордасынан алған тәлім саяхат кезінде кәдеңізге жарайтын болады. Шетелде тегін жұмыс істеу немесе оқу бағдарламалары арқылы сіз біліміңізді жетілідіріп қана қоймай, әлемнің түкпір-түкпірін аралап қайта аласыз.

Ажырасу

Жұбайымен айырылысқан жандар күйзелістен шығу мақсатында саяхат жасауды жөн көреді. Саяхат кезінде басынан өткен ауыр күндерді ұмытып, жаңа ортада, жаңа өмірге қадам баса алады. Әдетте, естен мұңға толы сәттерді ұмыту үшін ажырасқан жандардың басым көпшілігі Париж, Рио-де-Жанейро, Нью-Йорк және Рим қалаларына барады екен.

Орта жас кезіндегі күйзеліс

Өткен күндерге көз жүгіртіп, алдағы күндер жайлы ойлап, өз өміріне көзқарасты өзгерту мақсатында көптеген жандар саяхат жасауды жөн көреді. Себебі, өзге ортада жүрген кезде адам баласы талдау жасай алады. Әлемді шарлау адам баласына өмірді тереңірек түсінуге жол ашады.

Жаңа жұмыс

Еңбек етемін деген жанға шетелде де жұмыс табылады. Ол үшін міндетті түрде өзге тілде еркін сөйлеудің аса қажеті жоқ. Шетелдерде өз еліңіздің азаматтарымен бірге өз тіліңізді қолдана отырып жұмыс істей аласыз. Мысалы, елшілікте, мәдени ошақтарда т.с.с.

Зейнетке шығу

Сан жылдар бойы жұмыс істеп, бала-шағасының жағдайын жасап, зейнетке шыққан жандар демалу үшін шетелді аралайды. Әдетте, зейнетке шыққан қауым саяхат кезінде денсаулықтарын түзетіп қайтады. Мысалы, тұзды шипажайларда демалып, ем-дом қабылдайды.

Рақымдылық

Жүрегі кең жандар табиғи апатқа немесе қайғылы жағдайға тап болған мекендерді аралауды жөн көреді. Өз көзімен қайғы жамылған жандарды көріп, қасіреттеріне ортақтасуды жөн санайды. Жандарынан табылып, көңілдерін аулауға тырысады. Өз еркімен көмек беріп, қайырымдылық шараларға қатысады.

Жайдан-жай демалыс

Жоғарыда аталған бірде-бір себепті алға тартпай-ақ, жайдан-жай саяхат жасауға болады емес пе?! Бұрыннан бері Үнді еліне сапар шегуді, Болгария суына шомылуды армандап жүрсеңіз, жүгіңізді жинап жолға шығуға асығыңыз. Өзге елдің тыныс-тіршілігімен таныса отырып, күнделікті күйбең тіршілікті ұмыта аласыз.

Суреттер: vitamarg.com, voyage-luxe.ru

456 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 07 сәуір 2012, 13:11
Пікірлер
+0
07 сәуір 2012, 15:09

:D :D :D :D

+0
07 сәуір 2012, 16:47

міне каз жиналаммммммм :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...