Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемдегі ең қауіпті көпірлер. Екінші бөлім

Әлемдегі ең қауіпті көпірлер. Екінші бөлім

Әлемдегі ең қауіпті көпірлер. Екінші бөлім

Басы

Жер жүзіндегі қауіпті көпірлердің саны көбеймесе, азаяр емес. Қорқыныш пен үрей туғызатын көпірлер жайлы сөз қозғауды жалғастырамыз.

Hussaini аспалы көпірі, Пәкістан

Пәкістан еліндегі аспалы көпір әлемдегі ең қорқынышты көпір жолдардың бірі болып саналады. Жұқа тақтайшалардың арасы кең, тербелу амплитудасы жоғары. Таудан сарқырап ағатын Гунза өзенінің ағысының жылдамдығы өте қатты. Бұл кез келген жанды үркітетіні сөзсіз.

Сиду өзенінің үстіндегі көпір, Қытай 

2009 жылы ашылған көпірдің биіктігі 457 метрді құрайды. Әлемдегі ең биік көпірлердің бірі саналатын бұл көпірдің биіктігі мен ұзындығы бірдей. Хубэй өлкесіндегі шатқалда орналасқан көпір биік екі тауды бір-бірімен байланыстырады.

Seven Mile Bridge, Флорида 


Ұзындығы 11 шақырымға созылған көпір қатты дауылдарға төтеп бере алмайды. Қатты дауылдың салдарынан зардап шеккен көпірге жылына бірнеше мәрте жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Дауыл кезінде көпірде жүру өте қауіпті. Сондықтан да, дауыл алдында көпірде көлік қозғалысы тоқтатылады.

U Pain, Мьянма 


Бұл көпір 200 жыл бұрын ағаштан салынған. Көпірдің екі жағында жолаушылар үшін тұтқа қарастырылмаған. Таунтаман көлінің екі жағалауын байланыстыратын көпір ұзындығы 1,2 шақырымды құрайды. Биіктігі 4,5 метрге жетеді.

Deception Pass Bridge, Вашингтон

Бұл көпір жолымен көлік құралдарымен ғана емес, жаяу да жүруге болады. Көпір шетінде жаяу жүргіншілер үшін арнайы жол қарастырылған. Deception Pass ұлттық саябағындағы Уибди және Фидальго аралдарын байланыстарын көпір ұзындығы 453 метр, ал биіктігі 55 метрді құрайды.

 «Iya Valley тоқылған көпір», Жапония 


Жапонияның ең кішкентай Аралы Сикокуда үш «тоқылған» көпір бар. Әу бастан, көпір аралығы 20-30 сантиметрді құрайтын жұқа ағаш тақтайшадан салынған. Кейін олар темір тұтқалар мен сымдармен жабдықталды. Мұндай көпірмен жүру үшін адам баласы сужүрек болмағаны абзал.

Суреттер: n1.by, chuma.spox.ru

3990 7
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 07 сәуір 2012, 17:52
Пікірлер
+0
07 сәуір 2012, 10:49

жапонияның көпірі туралы бұрын талай естігем..

+0
07 сәуір 2012, 15:05

Әр адамның өз "Сайтан көпірі" бар сияқты... :idea:

+0
07 сәуір 2012, 17:26

:D :D :D

+0
07 сәуір 2012, 17:53

Бірінші, екінші көпірлер расында қауіпті екен :roll:

+0
10 сәуір 2012, 20:07

өткел де :geek:

+0
15 мамыр 2012, 09:40

духын жетсе өтіп көр болып тұр ғой, біздің мен, мен деп көкірегін қаққандарды өткізіп көретін екен, қалай сөйлер екен өткен соң

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...