Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Прага қаласында не істеу керек?

Прага қаласында не істеу керек?

Прага қаласында не істеу керек?

Еуропаның ең әдемі қалаларының бірі Чехия елінің астанасы Прага шаһары құпияға толы. Оның әр көшесі, әр ғимараты, әр ескерткіші тарихтан сыр шертеді. Прагаға барған жағдайда міндетті түрде келесі әрекеттерді жүзеге асыруға асығыңыз.

Тарихи орталықтарда серуендеп қайту

Прагаға келген туристтердің басым көпшілігі қаламен танысуды тарихи орталықтардан бастайды. Пражский Град, Карлов көпірі, Stare Mesto алаңы сияқты көне көрікті мекендерде тәуліктің кез келген уақытында туристтер көптеп жүреді. Көрікті мекендерін білгіңіз келсе, жергілікті туристтік агенттіктердің экскурсиялық бағдарламаларын пайдаланыңыз.

Зообақ

Еуропадағы ең ірі зообақтардың бірі Прага қаласында орналасқан. Зообақтағы жануарлар темір торларға қамалмаған. Олардың барлығы кең көлемдегі лайықты орындарға жайғасқан. Зообақты жаяу ғана емес, фуникулерге отырып аралауға болады. Жан-жануарларды бақылап, Прага қаласын көктен көруге болады.

Қаланы белестен бақылау

Прага қаласын тоғыз белес қоршайды. Сол белестердің бірі Петршин қаладан 400 метр биіктікте орналасқан. Белеске фуникулер арқылы көтеріліп, қаланы биіктіктен бақылауға болады. Петршинде саябақтар, су бұрқақтары мен Эйфель мұнарасының кішкентай көшірмесі орналасқан.

Чех елінің ұлттық тағамдарынан ауыз тиіңіз

Чех асханасы өте дәмді әрі алуан түрлі. Бір кісіге арналған табағы екі-үш адамға жетеді. Кең таралған ұлттық тағамдары ол - ыстық сорпалар, қуырылған шошқа еті мен ірімшік, шошқа сирағы, нан өнімдері, қақталған үйрек еті. Прага көшелерінде кофеханалар, дәмханалар мен мейрамханалар өте көп. Ас мәзірінде көрсетілген тағам бағалары қолжетімді.

Сыра ішу

Прага қаласында бола тұра нағыз чех сырасынан дәм татпай кету үлкен күнә! Сыраның бағасы тіпті минералды судан да арзан болады. Көне салтпен дайындалған сыралардың әр түрлі сұрыпы бар. Сондай-ақ, сусыннан дәм татып қана қоймай, сыра қайнату зауыттарына баруға болады.

Табиғат аясында демалу

Прага қаласы көне ғимараттарға толы болғанмен шаһардың табиғаты көркем. Саябақтарда тиіндер мен еліктер мекен етеді. Қаланы екіге бөліп ағатын Влтава өзенінің айдынында жүзіп жүрген үйрек, шағала, аққуларды байқауға болады.

Ән салатын су бұрқақтарын бақылау

Классикалық шығармалардан бастап Queen тобы, Майкл Джексон әуендерінің сүйемелдеуімен қозғалатын су ағындарына күніне үш рет жарық түседі. Ән салатын су бұрқақтарының өз репертуары бар.

Шопинг

Прага қаласында барлық танымал брендтердің дүкендері бар. Ірі сауда орталықтары мен базарларда тауарлардың барлығы қолжетімді бағамен сатылады. Тек кейбір дүкендер еуро қабылдамайды, сондықтан да алдын-ала оларды чех кронасына айырбастап алыңыз. Барлық дүкендерде маусым сайын жеңілдіктер маусымы басталады.

Сәулет өнеріне тамсану

Қалада роман, барокко, рококо, готика бағытында салынған ғимараттарды көруге болады. Ғимараттардың барлығы бір қарағанда бірдей болып көрінуі мүмкін. Алайда, бір ғимарат екіншісіне мүлдем ұқсамайды. Әр ғимарат қабырғасында кішкентай ескерткіштер қашалған.

Қала көшелерін жаяу аралау

Жайлы аяқ киім киіп алған соң, қаланың тар көшелерін жаяу аралаңыз. Алдыңыздан көне ескерткіштер, алып дүкендер, түрлі кофеханалар мен дәмханалар, басқа да құпияға толы мекендер мен мұндалап шақырады.

423 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 30 наурыз 2012, 13:24
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...