Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Өмір сүруге лайықты ел

Өмір сүруге лайықты ел

Өмір сүруге лайықты ел

Канада – жан-жақты дамыған, кең жазықтары мен сұлу табиғаты бар, самсаға арналған ескерткішімен жұртшылықты таңқалдыра білген алпауыт мемлекеттердің бірі. Бүгін сіздермен бірге Канада туралы қызықты, күлкілі, тіпті адам нанғысыз құпияларды ақтаратын боламыз.

Канада – жер көлемі жөнінен әлемде екінші орында тұр. Оның жағалау сызықтарының ұзындығын (243 000 шақырым) ешбір елмен салыстыра алмайсыз: батысында Тынық мұхиты, шығысында Антлант мұхиты, оңтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхиты қоршап жатыр. Планетамыздағы судың төрттен бір бөлігі Канада аумағына тиесілі болып отыр.

БҰҰ-ның шешімі бойынша, Канада соңғы бес жылда төрт рет "Өмір сүруге лайықты ел" деген атақты жеңіп алып отыр. Бұл таңқаларлық жағдай емес, себебі, Канада – әлемнің ең бай елдерінің бірі. Ай сайын Канадаға 350 мыңнан астам турист келіп тұрады.

Астанасы - Оттава, аумағы - 9 984 670 шаршы шақырым, халық саны - 34,21 млн. Мемлекеттің ресми басшысы - ІІ Елизавета патшайым.

"Канада" сөзін ежелгі үндістердің (гурондар мен ирокездер) тілінен аударғанда "kanata" – "ауыл" деген мағынаны білдіреді.

Канадаға жолыңыз түсе қалса, сіз міндетті түрде бару керек көрікті мекендердің тізімін жазып алыңыз: Ниагара сарқырамасы (жылына 18 млн. турист келеді), Гудзонов бұғазы, әлемнің ең ерекше қалаларының бірі Торонто, Конфедерация көпірі,  Си-Эн мұнарасы, ежелгі астана Гвебек, Құмды арал, Иваввик Ұлттық саябағы, Девон аралы, ғажайып Луиз өзені, ақ аюлардың отаны Черчилль, жаңа Шотландия, Фанди бұғазы. 

Канаданың басқа да көрікті мекендері мен әдемі қалаларын мына видеодан көре аласыздар:

Канада туралы басқа да қызықты мәліметтер легі:

Канадада халықтың орналасу тығыздығы төмен, онда бір шаршы шақырымға орта есеппен 3,5 адамнан келеді.

Елде екі ресми тіл бар: ағылшын және француз тілі.

Канадада әлемдегі ең кішкентай түрме орналасқан. Оның аумағы - 270 шаршы метр.

Канада қазба байлықтарды игеру жөнінен алдыңғы орында тұр. Мұнда табиғи газ, никель, алюминий, цинк, мырыш және алтын өндіріледі.

Халықтың 33%-ы ұйқы алдында кітап оқиды. 

Канададағы білім беру Англия мен АҚШ-қа қарағанда, әлдеқайда арзан келеді. Студенттерді оқуға қабылдау жылына екі рет жүргізіледі.

Канаданың 81% халқы қалалы жерде өмір сүреді.

Елдің ұлттық нышаны - үйеңкі жапырағы.

Міне, қызық, Канада халқының жартысына жуығы өзге мемлекетте туылған екен.

Канада – баскетболдың, бейсболға арналған қолғаптың, батарейкалардың, электронды микроскоптың, бағдарламалаудың Java тілінің, лампочканың, киімге арналған сырманың, электр плитасының, кардиостимулятордың, сиреннің, қар көлігінің Отаны саналады.

Канадалықтардың орташа өмір сүру жасы – 81,16.

Канаданың ұлттық тағамы – "путин" (poutine) деп аталады. 1957 жылдан бері куырылған картоп және ірімшіктен дайындалатын тағамға деген сұраныс кеміген емес.

Канадалықтар кезекте тұрғанда, бір-бірін итеріп, кезексіз кіріп кету дегенді білмейді. Кім бірінші келсе, сол адамға ең алдымен қызмет көрсетіледі.

Канадалықтардың көпшілігі темекі шекпейді. Сондықтан, қонаққа барғанда темекіге рұқсат сұралынады.

Канадада жұмысқа кешігіп келгендер жұмыстан шығарылады немесе ауыр жазаға тартылады. Және кездесуге кешігіп келгендер кешірілмейді.

Канадада саудаласуға болмайды. Алайда, автокөлік, үй немесе қымбат жиһазға келгенде, бірқатар жеңілдік беріледі.

Канадада ішімдікке байланысты бірнеше қатаң заңдар бар. Мәселен, ішімдік мемлекеттік дүкендерде сатылады. Алайда, Квебека мен Альберта қаласында жекеменшік шарап және сыра дүкендері бар. Олар кешке, демалыс күндері және мерекелерде жабық тұрады.

Канадалықтарда қол алысып амандасу деген жоқ. Жалпы, амандасуға келгенде олардан аулақ болған жоқ. Олардың көпшілігі бір-бірімен сәлемдеспейді.

Аялдамада автобусты тоқтатқыңыз келсе, артық қимылдың керегі жоқ, жүргізушіге қарасаңыз болды.

Канадада табиғатты қорғау жұмыстары жақсы қолға алынған және елге келген қонақтардан да сол талап етіледі. Бұл жерде қоқысты кез келген жерге тастап кетуге болмайды. Сонымен қатар, көшеден қоянды, түлкіні, аюды көріп қалсаңыз, таң қалып жүрмеңіз.

Канадада адамның мәртебесі оның қызметі мен міндетіне байланысты. Онда атына, әлеуметтік жағдайына, жынысына қарап бөліну деген мүлде жоқ. Әйел адамның қызметі ер адамның қызметінен жоғары болса, әйел сыйлы болып тұрады.

 

Суреттер: ionmap.ru, olphoto.livejournal.com, svali.ru,hotels.about.com 

Дайындаған:Айгерім Сматуллаева

16764 10
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 18 маусым 2013, 13:23
Пікірлер
+0
18 маусым 2013, 13:28

Сәлемдеспейтіні, әйел адам міндетіне қарай сыйлы болуы жаман екен. Ал, автобустарына әңгіме жоқ, жүргізушілерінен он шақтысын Қазақстанға алғызу керек қой :)

+0
18 маусым 2013, 13:43

Канадада жұмысқа кешігіп келгендер жұмыстан шығарылады немесе ауыр жазаға тартылады. Және кездесуге кешігіп келгендер кешірілмейді. :lol: :lol: :lol: мынаусы бізге қарама-қайшылық екен

+0
18 маусым 2013, 14:15

халқы ең тығыз орналасқан емес. Керісінше сирек орналасқан.Жері кең, халқы аз біздің Қазақстан секілді. Қате ақпарат бермеңдер

+0
18 маусым 2013, 14:25

Қымбатты Мади Сырымбетов! Пікіріңіз өте орынды. Материал түзелді. Сізге үлкен рақмет.

+0
18 маусым 2013, 19:12

менің кумирім туылған жер болғасын ба,жақсы көрремм Канаданы! :)

+0
20 маусым 2013, 00:10

Үш ел бар, бір біріне ұқсайтын, Канада, Австралия, Қазақстан

+0
20 маусым 2013, 00:14

Канада мен Австралия өте ұқсас ал Қазақстан қайдам?

+0
20 маусым 2013, 00:13

кошемін ау деймін осы жаққа :D

+0
13 желтоқсан 2015, 19:30

Канаданың ұлттық тағамы жөнінде не себепті аз мəлімет берілген?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...