Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемдегі ең үлкен бассейн Жапонияда салынады

Әлемдегі ең үлкен бассейн Жапонияда салынады

Әлемдегі ең үлкен бассейн Жапонияда салынады

Осака қаласына қарасты Дотонборидегі ескі су арнасын жергілікті билік органдары әлемдегі ең үлкен әлеуметтік бассейнге айналдырмақ. 

Болашақта салынады деп жоспарлап отырған бассейннің ұзындығы 800 метр болмақ. Ол батыстан шығысқа қарай яғни Yotsubashisuji көшесінен Sakaisuji көшесіне дейінгі аралықта салынатын болады. Әлемдегі ең үлкен әлеуметтік бассейннің ашылу салтанаты 2015 жылға қарай жоспарланып отыр. 

Дотонборидегі ескі су арнасы қаласының ауданымен қиылысады. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, су қоймасы дәл қазір жарамсыз күйде: суы өте лас және су арнасының жағалауында ешқандай да қауіпсіздік сақталмаған. 

2013 жыл

Жоспардағы 2015 жыл 

Сол өңірде салынған жаяу жүргіншілерге арналған жол ауданның көркейіп, жаңаруына жаңа жол ашқан еді. Ендігі мақсат – Дотонбори бассейнінің құрылыс жұмыстарын бастау. Бұл бассейн қаланың жаңаруындағы екінші бастама болмақ. Бассейн салу үшін алдын ала жергілікті тұрғындардан сауалнама жиналған. Нәтижесінде тұрғындардың 71 пайызы су қоймасын бұзып, орнына бассейн салуға келісімін берген

Бассейнге су сутартқыш арқылы толтырылатын болады. Кешен маусым айының соңында ашылып, қыркүйектің басына дейін жұмыс жасайтын болады. Әзірге бассейнге кіру ақысы 1000 йен ($10) деп жоспарланып отыр. Ал әр сағатқа 500 йен ($5) төленеді. 

Әйткенмен Чили Алгаробо қаласындағы Сан-альфонсо дель Мар шипажайында орналасқан бассейн әлемдегі ең үлкен бассейн саналады. Оның ұзындығы 1 километр, жалпы алаңы 8 гектар жерді құрайды. Ол көлемі бойынша, 20 олимпиада бассейнінен асып түседі әрі көлемі жағынан екінші орында келе жатқан (Касабланка, Марокко) бассейннен 6 есе үлкен. Бассейн сонымен қатар Гиннесс рекордтар кітабына әлемдегі ең терең бассейн ретінде де енген. Оның ең терең жері 40 метрге жетеді. Алып бассейн тікелей теңіз суымен толтырылады. Ол судың ағуы компьютер жүйесі арқылы басқарылады. Су теңізден (мұхиттан) тартылып, күн сәулесімен 26 градусқа дейін қызады. Алып бассейнді толтыру үшін 250 миллион литр су қажет екен. Судың мөлдірлігі соншалық, тіпті ең терең жердің өзінде теңіз түбін көруге болады. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: ru.molbuk.ua

2650 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 30 мамыр 2013, 19:07
Пікірлер
+0
30 мамыр 2013, 21:54

Мда үлкен екен иа

+0
30 мамыр 2013, 22:08

базар жок :shock:

+0
31 мамыр 2013, 00:58

:shock: :shock:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...