Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Францияда бәрі бар!

Францияда бәрі бар!

Францияда бәрі бар! Бұл сөзімізді батыл әрі әділ түрде бірнеше рет қайталап айта аламыз. Өзіңіз саралап көріңізші: Парижде круассанмен ұсынылатын кофеден есіңіз ауысады, ондағы сәулетті көрмелер мен мұражай туралы ештеңе айтпай-ақ қоялық. Ниццада жұлдыздармен танысып-табысып, Монте-Карлода адам нанғысыз ұтыстарға ие боласыз. Жуан-ле-Пенде сұмдық сұлу қыздардың куәгері атанып, Бургундия мен Бордо жерінен дәмі тіл үйірер шарапты татасыз. Қысқасы, Франция алаңсыз демалыс пен көңіліді уақыт өткізуге таптырмас елдердің көшінде тұр.

Сөзімізді осы жерден доғарып, Франция туралы сіз біле бермейтін деректерді ұсынамыз.

Францияда әлемдегі ең көп ғимарат орналасқан бірден-бір мемлекет. Онда 4969 ғимарат бар.

Француздықтар гильотинды ойлап тапқандықтарын (қылмысты адамдардың басын шауып алуға арналған құрал) айтып мақтан тұтады. Алайда олар 1981 жылы гильотиннің көмегімен орындалатын өлім жазасынан бас тартты.

Франция әйелдер колготкиінің, кинематографтың, велосипедтің, балеттің, шансонның, Сезаннаның,  Альфонса Доденің, Экзюперидің, Дюманың, Мольердің, Вольтердің Oтаны.

Францияда шошқаларға "Напалеон" деген атты беруге тыйым салынған.

Франция ірімшіктің 300-ден астам түрін өндіреді.

Франция – әлемдегі туризм саласы ең жақсы дамыған ел. Жыл сайын бұл елге 67 млн. турист қыдырып келеді (бұл жергілікті халықтың санынан да көп).

Францияда бұрандалардың (штопор) әлем бойынша жалғыз мұражайы бар.

Францияның ресми тілі – француз тілі. Бірақ ағылшын тілін білмесеңіз, сізді ешкім де жұмысқа алмайды. Олар сіздің француз тілінде сөйлей алмайтыныңызды түсінгенімен, ағылшынша білмейтініңізді түсіне алмайды және кешірмейді. Акцентпен сөйлейтініңіз байқалған жағдайда әңгіме бірден ағылшын тіліне ауысады. Бұл жерде сіздің ағылшын тілін меңгермегеніңіз ескерусіз қалады.

Құрметті легионның мүшесі болу кез келген француз үшін үлкен мәртебе. Бұл атаққа қолдары жеткен легионерлер раушан пішініндегі қызыл лентаны тағып жүреді.

Француздардың ұлттық нандарына дәмдеуіштердің көп қосылатындығы соншалықты, одан шығатын иіс парфюрмериядан да асып түседі.

Ел аузында "Франция мұнай да, газ да өндірмейді, мұнда тек қана тағам шығарылады" деген сөз қалыптасқан. Халық айтса, қалт айтпайды. Францияның сіздің асқазаныңыз үшін естен кетпес мереке ұйымдастыра алатындығына күмәніңіз болмасын.

 

 Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

1836 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 23 мамыр 2013, 16:37
Пікірлер
+0
23 мамыр 2013, 17:15

әдемі екен)

+0
23 мамыр 2013, 17:36

францияға барайықшы...

+0
23 мамыр 2013, 18:44

бұйыррррсаа барамыззз ;) ;)

+0
05 маусым 2013, 22:59

Франция керемет қала, әттең тонның келтесі ай, біз көрер ме екенбіз бұл шаһарды :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...